"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?”

16.04.2018

№3 Талапкер орта мектеп кітапханасының оқырмандар залында  "Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?”  атты 10 сынып оқушылар арасында   тақырыптық  дебат ұйымдастырылды.

Мақсаты: 1) Тақырыптың мәнін, мазмұнын түсіндіру. Алдын ала материалдарын жинақтап, сөз таластыруға дайындау. Оқушылар пікірін тыңдау. Ойлау шеберлігін шыңдау.  2) Заман талабына сай болуға, ана тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Әліпби өзекті мәселе атты көрме, латын әліпбиінің көшудің 5 ерешеліктері туралы ақпараттар.

Дебатқа екі топ қатысты. Жақтаушы топ және даттаушы топ.  Жақтаушы топ «Латын әліппесіне көшу заман талабы», ал даттаушы топ

«»Латын әліппесіне көшу қажеттіліктен туып тұрған нәрсе емес» деген резолюцияны ұстанды.  Дебат  3  кезең болды:

Бірінші кезеңде әр топтан спикерлер сөйлейді. Оларға 3 минут уақыт беріліп, сұрақтар қойылады.

Екінші кезеңде екі топ бір – біріне сұрақтар қойды. 

Үшінші кезеңде Әділқазы мүшелері екі топтың да ойларына, пікір таластарын  өте тартымды  деп қорытындысы шығарылып,  жеңімпаз топ марапатталды. 

  Дебатқа берілген тақырыпты, ойды нақтылап, жүйелі түрде жеткізіп түсіне білу, фактілер мен дәлелдеулерді орынды келтіре арқылы ойларын жинақтады. Сөз астарына тереңірек үңіліп оқушылар, өзекті ойларын бөлісіп әр топ  өз пікірлерін қорғай білді. Дебат үлкен пікір таласта өтті. Екі топтың да ойлары тұжырымды , тұғырлы болды.

Дебат соңында естелікке  әлілқазылар екі топпен естелікке суретке түсті. Екі жақта бұл  сұрақтың жауабын  уақыттың, болашақтың еншісіне қалдырды.

 

Қатысқандар:  10 сыныптар

Өткізгендер:  Шантасов А.С

                                                                                                 Аубакирова

А.А.

Просмотров: 626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст