"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындарған күні" тақырыбындағы тәрбие сағаты. Сынып: 7Ғ. Сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г.

   Күні:05.04.2021 ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім:Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы:

12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындарған күні

Сабақтын мақсаты:

 

Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.  Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті оқушылар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні!Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұлы кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып,  ғарышқа қазақ  ұландарының барып қайтуы еді. Бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

Т. Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.

Т. Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша « КСРО спорт шебері»атағын алып, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу - жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол « АН - 2», « ТУ - 134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады. 1994 жылы 1 шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т. Мұсабаев бортинженер ретінде « Союз ТМ - 19»ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, сапар шекті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемемен шығып, кеңістіктегі күрделі мәселелерді шешті. 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Ол « Союз ТМ - 27»деп аталатын ғарыш кемесін зі басқарды. 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады. Т. Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми - зерттеу бағдарламасын толық орындады. Оның кеудесінде « Ресей Федерациясының Батыры», « Халық қаһарманы»алтын жұлдыздармен қоса бірнеше, медальдармен марапатталған еді.

2015 жылдың 2 қыркүйегінде отандасымыз Айдын Айымбетов Байқоңырдан «Союз ТМА -18М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты бар  еді. Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер ғарышта 10 күн болды. Орбитада Айдын Айымбетов қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеді.

1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шыққан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 55 жыл өткен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған. Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына 25 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.Ал Талғат Мұсабаев ағамыз ғарышта 341 тәулік болып, оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес, ғарышқа үш рет ұшып барып, аман-есен туған жерге оралды.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

 Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды.  Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.

 

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындарған күнітақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 05.04.2021 10:58
Құрылған күні: 05.04.2021 10:58

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст