"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Муқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Сыныбы: 7 Ғ Мұғалім: Жолаушина Г.Г.

 

   Күні: 08.02.2021 ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім:Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтыңтақырыбы:

МуқағалиМақатаевтыңөміріменшығармашылығы.

Сабақтын мақсаты:

 

Мұқағали  Мақатаевтың  өмір  жолымен, шығармашылығымен оқушыларды  таныстыру.Ғасыр  ақыны  Мұқағалидың  жырларын   насихаттау.

Ақын  өлеңдерінің мәңгілік  жыр қазына  екенін ұғындыра  отырып оқушыларды  өлеңді  мәнерлеп,нақышына келтіріп  оқуға  дағдыландыру.Отанға,анаға  деген  сүйіспеншілігін арттыру.

Отанды, туған  жерді сүюге  тәрбиелеу, ақын  жырларынан үлгі алу.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.Әкесі Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз құрып,осы шаруашылықты басқарушылардың бірі болатын. Зеңгірі көк тіреген көгілдір шыңдар,шұрайлы шалғынды Шәлкөденің баурайы,мөлдірі  күміс шашқан тұма суының сыбдыры бала Мұқағалидің ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.

Иә, ақиық  ақын басын  мұз жапқан,етегін қар  жапқан, асқақ та, биік  шыңды  Хан Тәңірі тауының бөктеріндегі Шалкөде  жайлауымен ұштасқан Қарасаз  атты  табиғаты  сұлу  мекенде  өмірге  келген  екен.

  Бірақ балалықтың бұлтсыз  күндерін тағдыр өзі қызғанғандай зұлмат соғыс тақсыреті Мақатаевтар әулетінің шаңырағын шайқалтып кетті.Әкесі соғыста ерлікпен қаза тауып, шешесі Нағиман 3 ұлымен жесірлік тауқыметін тартып қалады.Балдай тәтті балалық  шағы жаралы жылдарға  дәл  келген өз тұстары  тәрізді болашақ ақын да ерте есейіп арба айдап соқа тартып,шөп шауып, масақ терді.

Бәрі есімде мекен жай,тұрағым да,

Тек естетек есте жоқ,күлдім бе,жыладым ба?

Балалық шақ жармасып жүретұғын

Өгіз жеккен соқаның құлағында.

Қарсы жауға біз де шықтық түренмен,

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас,рас көзімізден жас ақты.

Бірақ сол бір дауыл жылдар,от жылдар

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.

... ... ...

Майдандағы әкеме оқ жібердім,

Айырбастап күлшемді қорғасынға.

Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауылдық кеңестің хатшысы,Қызыл отау меңгерушісі, комсомол қызметкері,жеті жылдық мектептің мұғалімі,республикалық газеттің тілшісі, Қазақ радиосының директоры, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңес қызметін атқарады.

Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынады: «Ильич,  Армысыңдар   достар,  Қарлығашым   келдің  бе?,Мавр,  аққулар   ұйықтағанда,    шуағым  менің,   Дариға   жүрек,      ақынның  аманат   жыр   жинағы   2000 жылы Мемлекеттік   сыйлыққа ие  болды. Бүгінде ақынның   13 кітабы  бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы  бар   екені  анықталды.

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Жүзімізде  өзіңе  тән шат  барлық,

Ақтарылды шумақтала ақ  сандық.

Артыңда қалған сенің  ұрпағың ,

Есіміңді   ардақтайды мақтан  ғып,-дей келе,  бүгінгі   «МуқағалиМақатаевтыңөміріменшығармашылығы» атты Мұқағали   Мақатаев             поэзиясына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

  Ақын   мұрасы, маржан  поэзиясы- мәңгілік  болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп  қадірлейтін қазынасы.

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

МуқағалиМақатаевтыңөміріменшығармашылығытақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 08.02.2021 18:23
Құрылған күні: 08.02.2021 18:23

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст