"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Мұғалімдерді кәсіби оқыту және кәсіби дамыту» тақырыбындағы вебинар

ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІнде ВЕБИНАР өтті.

ТАҚЫРЫБЫ: «Мұғалімдерді кәсіби оқыту және кәсіби дамыту» 

        Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады, – К. Д. Ушинский. Адам баласы қандай мамандық иесі болмасын, қандай да бір жерде жұмыс атқармасын өзінің кәсібінің майталманы болуы керек, ал маманының майталманы болу үшін не керек? Әуелі, еңбек керек, ізденіс керек, өзін- өзі жан жақты адам ретінде, тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек.

        Семинардың да мақсаты да осы болды.

Қашықтан оқытуда мұғалімдерді әдістемелік қолдау, үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинар жұмысына Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері қатысты. Семинарда бастуыш сынып мұғалімдері «Мұғалімнің кәсіби дамуының жолдары» , «Бастауыш сынып мұғалімдерінің  өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби  шеберлігін қалыптастыруы», «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оқыту сапасын арттыру кепілі», «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі»,  « Кәсіби біліктілікті арттыру-басты мақсат» тақырыптарында  іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсыныс-пі кірлері тыңдалды.

     

Жаңартылған күні: 23.02.2021 19:15
Құрылған күні: 23.02.2021 19:15

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст