Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі "КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп 2024 жыл.
Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі "КММ;
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы, М.Әуезов көшесі 23
2. Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер:
Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 407 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – барлығы 181 көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
- оның ішінде электрондық нұсқада - 147 қызмет;
- оның ішінде қағаз жүзінде- 34 қызмет.
2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - барлығы 4 көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
- оның ішінде электрондық нұсқада - 0 қызмет;
- оның ішінде қағаз нұсқада-4 қызмет.
3) Білім беру оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – барлығы 194 көрсетілген мемлекеттік қызмет:
- оның ішінде электрондық нұсқада - 95 қызмет;
- оның ішінде қағаз жүзінде-94 қызмет.
4) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 3 көрсетілген мемлекеттік қызмет.
- оның ішінде электрондық нұсқада-3 қызмет;
- оның ішінде қағаз жүзінде-0 қызмет.
5) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау – барлығы 25 көрсетілген мемлекеттік қызмет
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3. Сұранысқа ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 194
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" – 181
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2024 жылы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және жылдамдату нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 жеделдетілген мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық бақылау іс-шаралары ҚР заңнамасын сақтай отырып, мерзімінде орындалады.
2025 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы ор білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Мектеп директоры: Абеева С.Х.