2020-2021 оқу жылында «Кітап оқуға құштарлық» оқу сағаты аясында өткізілген сабақтың
Ақпараты
Сыныбы: 5 «б» кезекші сынып
Сабақтың тақырыбы: «Reading for pleasure»
Сабақтың мақсаты : Білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру; кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту; кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: мектепішілік
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, пікір алысу , ой қозғау ,
Сабақтың көрнекілігі: Ағылышын жазушыларының кітаптар көрмесін көрсету, көркем сөздер плакаты.
Сабақтың барысы Оқушыларды кітахана қорындағы кітаптармен таныстырып, кітап күту, ұстау ережесі туралы мағұлмат берілді, сүйікті жазушыларының өлең-шумақтарын айтты.
Қорытынды: Кітапті таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.