Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Биология пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы
31 қазанда жаратылыстану пәндері бірлестігінің әдістемелік отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша «Пәндік оқыту барысында жаңа технологияны енгізу» тақырыбында Абдыманбекова Г.А баяндама оқыды. Жаратылыстану пәндерінде жаңа технологияны қолдану және сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятудың әдіс тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер сынып жетекшілермен біріге отырып, жаратылыстану пәндерін таңдап отырған оқушыларға қосымша сабақ кестесінің жоспары құрды. 11 «А» сыныбына жауапты Калиева А.Қ. дүйсенбі күні, 11 «Б» сыныбында жауапты Абдыманбекова Г.А. сейсенбі күні, 11 «Ә» сыныбына Шарлез А.Қ. бейсенбі күні өткізеді.Жаратылыстану пәндерінен 1 тоқсан бойынша БЖБ, ТЖБ жұмыстары уақытылы алынды. 10-11 сыныптардың қорытынды бағалары шықты. Пән бойынша балл қою кестесін біріңғай қолданудың тәсілі арқылы оқушы жұмысын бастапқы бағалауы талқыланды. Оқушылардың бағасы модерация қорытындысы бойынша ТЖБ нәтижесі өзгертілді.
Сонымен қатар оқушының жеке дамуының жетістігіне жағдай жасау мақсатында мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспар бойынша жүргізілді. Қиындық туғызатын тапсырмаларға қайталау жұмыстарын орындау арқылы қосымша жұмыс жүргізілді.
Жаратылыстану пәндерінен олимпиадаға дайындық жұмыстары жүргізілді, мектепшілік кезең бойынша оқушылардың олимпиада жұмыстры тексеріліп, ауданға жолдамалар алған оқушылар бойынша дайындықты күшейту мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
ӘБ жетекшісі. Какина Н.Ж