"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

МЕКТЕПІШІЛІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. 

Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің  ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді. Мақсат біреу – ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулы.

Қазіргі таңда мектебімізде оқушылар ғылыми жоба тақырыптарын бекітіп, зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Мектебімізде жылдық жоспарға сай мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға 10 оқушы қатысып ғылыми зерттеу жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды. Олар: 8 «В» сынып оқушысы Жандаулет Жанель«Нанотехнология – болашақтың жемісі», 3 «Е» сынып оқушысыДиханбаева Аруна «Солтүстік Қазақстанда көп кездеспейтін түйе малынан алынатын өнімдер»,  6 «Ә» сынып оқушысы Мейірман Өркен«HTML тілінде сынып сайтын жасау», 6 «Г» сынып оқушысы Марат Кәусар «Струны Великой степи», 7 «А» сынып оқушысы Джолдаспаева Тоғжан «Видя чужие пороки, умный избавляется от своих», 10 «Ә» сынып оқушысы Серікхан Жансұлу«Карантин кезінде мектептегі оқу бөлмелеріндегі ауаның жылу режимі», 9 «В» сынып оқушысы Азербай Амина «Торғай өңірінде өсетін өсімдіктердің тұрмыста қолданылуы», 6 «Ә»сынып оқушысы Хасен Алижан «Қожамсейіт Шаяхметов – Кеңес Одағының Батыры атағына лайық!», 2 «Ә» сынып оқушысы Оразалы Жанболат «Қарын майдың пайдасы»,   3 «А» сынып оқушысы  Қабылда Ханшайым  «Интернет желісі. Тик – ток, блогер». Жоғарыда аталған 10 ғылыми жобаны қазылар алқасы сараптаудан өткізіп,    аудандық ғылыми жобалар байқауына ұсынды.

Шәкірттерімізге жетекшілік етіп, бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.Аудандық ғылыми жобалар сайысына жол тартқан оқушыларымызға сәт-сапар тілейміз!

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.04.2021 18:15
Құрылған күні: 01.04.2021 18:15

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст