"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Аудандық пәндік олимпиада қорытындысы.

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту,  оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай 8-12 ақпан  аралығында жалпы білім беретін пәндердің аудандық кезеңі өткізілді. Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы  орта білім беретін мектебінен  8-11 сыныптар аралығынан пәндік  олимпиадаға 39 оқушы қатысты. Информатика пәні бойынша Найзабек Нұрсұлтан жүлделі 1-орынға ие болып, Облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Магзумова Р.С. және мектебіміздің    11-сынып оқушысы Махметова Аяужан Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі 1-орынға ие болып, Облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Байманов Айбар Абайұлы. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.  

 

Жаңартылған күні: 16.02.2021 22:01
Құрылған күні: 16.02.2021 22:15

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст