Текст
Қараша айының 31.10.2023 жылы информатика пән бірлестігінің №2 отырысы өтті. Әдістеме отырысына мұғалімдер толықтай қатысты.Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Какенова Шолпан Чаймуратовна бірінші тоқсан қорытынды есебі туралы айтып өтті. Пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы оқушы жұмысын бастапқы бағалау туралы мәселе талқыланды. Оқушының жеке дамуның жағдайы, информатика пәні бойынша қиындық туғызған тапсырмалармен жұмыс жасау қаралды.
«Пәндік оқыту барысында жаңа технологияны енгізу» тақырыбында Магзумова Раушан Сапаргалиевна баяндама оқыды. Информатика пәндерінде жаңа технологияны қолдану және сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.