«Рухани келісім – бейбітшілік кепілі».

№3 Талапкер орта мектебінде

өтілген тәрбиелік іс-шараға

 

АҚПАРАТ

          Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік,дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясатын түсіндіру мақсатымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі». Сабақта 18 қазан -Рухани келісім күнінің тарихынан мәліметтер берілді және видеодан деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді. «Еркін жауап» стратегиясымен  Қазақстанның діни ұйымдары жайлы сұрақтар қойылды. Ой-толғаныс кезеңінде «Бір айналым сөйлесім» - Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі ұғымын ұстана отыра діниұйымдары мен конфессиялары туралы мәліметтер берілді.Қорыта келе Қазақстан үшін осы күннің әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып табылатыны айтылды.