Күні: 27.09.21 ж. |
Мүғалімнің аты-жөні:Кайкенова А.А. |
|||
Сынып:6 «В» |
Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: |
|||
Тақырыбы: «Тәуелсіздік игілігі» |
||||
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. |
|||
Сабақтың түрі:
|
конференция сабағы. |
|||
Сабақтың көрнекілігі: |
интер белсенді тақтадан слайдтар, бейнеролик |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы Ұйымдасты-ру кезеңі (3 мин) |
Сәлемдесу. Көк туым көтерілді бағым жанып, Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы екенін білеміз. Неге бұл күнді қуанышы мен қатар қайғылы күн деп санаймыз?
|
Суреттер, слайдтар |
||
Сабақтың ортасы (15 мин) |
Тәуелсіздіктің 30-жылдығы еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр. -Осы мерекегелік күнде қандай құттықтау сөзін айтар едіңдер? «Жаса, жаса» әніне видеоклип көру |
/тарихи бейнеролик/
/Сюжетті суреттермен көрсету /
«Жаса, жаса» әніне видеоклип |
||
Сабақтың соңы(2 мин) |
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. |
|
||
Қорытынды (5 мин) |
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Ендеше оңайлықпен келмеген Тәелсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды сақтап, қадірлеп жүрейік. Отанға деген патриоттық сезімдеріміз мұхиттай терең, аспандай кең болу керек. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. |
|
||