"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Коучинг тақырыбы: "Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлаудың ерекшеліктері" ағылшын тілі пәні мұғалімі: Керимбаева А.Б.

Мерзімі:11.01.2022

Керимбаева А.Б.

Коучинг тақырыбы:

Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлаудың ерекшеліктері

Коучинг мақсаты:

Қатысушылардың Блум таксономиясы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сабақ жоспарлауда Блум таксономиясын қолдану ерекшеліктерін  үйрету.

Коучинг нәтижесі:

 Блум таксономиясының не екенін біледі, сабақ жоспарлау үдерісінде Блум таксономиясының ойлау сатылары бойынша деңгейін  ескереді, сабақ жоспарлап үйренеді.

Сабақ ресурстары:

Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд, А4 қағазы

Оқыту әдісі:

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту

Орындалатын тапсырмалар:

Сергіту сәті, фильм бойынша сұрақ дайындауға постер құру.

Коучинг сабақ мазмұны

Жұмыс кезеңдері

Коуч әрекеті

Мұғалімдер әрекеті

1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу

5 минут

 

 

Топқа бөлу

Мақсаты: мұғалімнің өзіне өзі баға беруін көтеру, жағымды қарым-қатынасқа жағдай тудыру.

 

 

 Тақ және жұп сандарға байланысты  топқа бөлу (туған күнінің датасын айтады)

Тренинг «Менің портретім»

Қатысушылар өздерінің портреттерін салады, арқаларына жапсырады және шеңбер бойы жүреді.Әріптестері портретке жақсы тілектерін, мақтаулы қошемет сөздерін жазады.Кейін орындарына жайғасып, талқылайды.

2. Миға шабуыл

10 минут

Білу

 І.«Қар туралы не білесің?» бейнематериалын көрсету.

Сұрақтар:

Қар қалай пайда  болады?

Берілген сұрақтарды қою.

 1) Білу дегеніміз не? 
2) Түсіну дегеніміз не? 
3) Қолдану дегеніміз не? 
4) Талдау (Анализ) дегеніміз не? 
5) Жинақтау ( Синтездеу) дегеніміз не? 
6) Бағалау дегеніміз не? 


ІІ. Дәстүрлі сабақ жоспарлаудың кезеңдерін жазу

Мұғалімдер сұрақтарға топтасып ақылдасып жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдер постер жасап қорғайды.

3. Теориялық  кезең

«Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру

20 минут

Түсіну

Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негізде  сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.

 

Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан

«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады

Қолдану

10 минут

Топтық тапсырма орындау.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар мен сабақ жоспарлауға тапсырма беру

1-топ «Білу, түсіну, қолдану» деңгейлері бойынша мәліметті оқып, топ ішінде талдайды.

2-топ «Талдау, жинақтау, бағалау» деңгейлері бойынша мәліметті оқып, топ ішінде талдайды.

Әр топтан 1 өкіл келесі топқа жіберіледі, бір-біріне баяндайды.

Кестені толтырады.

 

Блум таксономиясы бойынша алған білімдерін постер жасауда қолданады /қорғайды/

Талдау

5  минут                  

Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.

«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.

Блум бойынша сұрақ  құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық  болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?

 Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?

 Жұмыс барысында араларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе  деп ойлайсыз ба?

 

Әр топ өз пікірін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

5 минут

Қорытынды жасау,талқылау

 

Рефлексия

5 минут

Бағалау

І. Әріптестермен «+,-,қызықты» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

 Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар жобалауды ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатындығы, не үйренгендігі жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.

+

-

?

алған білімдері жайлы жазады

 

қолымнан келмеді, түсініксіз болды

 

не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келеді

-

Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін жазады.

 

«Плюс, минус, қызықты»

«+»

«-»

«қызықты»

 

 

 

 

 

Аты-жөні :___________________________________________________________________________

1-топ тапсырмасы

1.Берілген мәліметпен танысыңыз. Оқып шығып, топ ішінде талқылаңыз.

2.Келесі топтың мәліметін тыңдап, салыстырыңыз.

3.Берілген кестені толтырыңыз.

 

Білу

Таным мен ойлаудың төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
 

·Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
·Нақты фактілерді біледі;
·Жұмыстың орындалу ретін біледі,
·Негізгі ұғымдарды біледі;
·Ережелерді, қағидаларды біледі.
 

Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
— Зат есім деген не?
— Етістік деген не?

 


Түсіну

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.

Негзгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету:
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;

– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
 

Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

-Зат есім етістікті салыстыр
— Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
— Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
— Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

 


Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
 

— Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
— Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
 

Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.

 

2-топ тапсырмасы

1.Берілген мәліметпен танысыңыз. Оқып шығып, топ ішінде талқылаңыз.

2.Келесі топтың мәліметін тыңдап, салыстырыңыз.

3.Берілген кестені толтырыңыз.

Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
 

-Элементтерді талдау,
-Қарым қатынасты талдау,
Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;
— Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
— Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
— Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
— Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
 

Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
— Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
— “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?

 


Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
 

— Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
— Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
— Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
 

Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
1. Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну


 


Бағалау
 

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

— Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
— Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
— Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды

 

 

 

Кестені толтырыңыз
 

Білу

 

Түсіну

 

Қолдану

 

Жүйелеу (талдау)

 

Жинақтау (топтау) 

 

Бағалау

 

 

Мақсаттар 

Пайдаланылатын етістіктер

Білу

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау,  түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Жүйелеу (талдау)

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау (топтау) 

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 13:49
Құрылған күні: 11.02.2022 13:49

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст