Педагогтің аты-жөні |
Шарлез Ақмарал Қанатқызы |
|
Күні: |
17.04.2023 |
|
Сынып: 6 «В» |
Қатысушылар саны:15
|
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ғарыш Әлемінде |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету. |
|
Бағалау критерийлері: |
- Оқушыларды қазақтың ғарышкерілерімен таныстыру; - Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету; -Ғарыш туралы әр түрлі қызықты мәліметтерді білу. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі 2-мин Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесемін. Психологиялық ахуал «Блиц» әдісі. Жұптасып бір-бірлеріне жақсы қасиеттерін айтады. Кассадан авиабилет беру арқылы топқа бөлемін және жаңа сабақты меңгеруге дайындаймын. 1 топ-Галактика 2 топ-Күн жүйесі 3 топ-Құс жолы |
Бір-біріне сәттілік тілейді.
Билет алу арқылы топқа бөлінеді.
|
Жұптасып бір-бірін жақсылық арқылы қолдайды
|
Билет жазылған қиындылар |
Сабақтың басы: ( 5 мин)
|
Жаңа сабаққа мәлімет беру және сұрақ қою арқылы ену. - Ең бірінші болып ғарышқа ұшқан ресейлік ғарышкер екен Юрий Гагарин болатын. - Ал, әйел адамдардан ВалентинаТерешкова. -Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров - Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған, атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев. - Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов.
Тапсырма 1. |
Миға шабуыл арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
Мадақтама сөздер арқылы. |
|
Сабақтың ортасы: 30 мин
|
Енді кезекті оқушыларға берейік. Оқушыларға қағаз үзінділері таратылады. Оқушылар мәтін құрастыру арқылы тапсырманы орындайды. Тапсырма 2 Әр топқа тапсырма беру. І топ – Сурет салу ІІ топ – Сөзжұмбақ шешу «Ғарыш» ІІІ топ – Кластер құрау
Оқушылар кезектесіп дайындап келген өлең жолдарын айтады.
«Ғарышерлер» ойыны. Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.
|
Оқушылар кезектесіп ақпараттарды айтады.
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды
Оқушылар ойын ойнау арқылы, сергіту сәтін орындайды |
Мадақтама сөздер арқылы
Мадақтама сөздер арқылы |
Қағаз үзінділері таратылады
А3 парағы |
Сабақты қорытындылау 4-минут |
«Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақ шешу. Тапсырма 3
Тапсырма 4 Араласып берілген әріптерден сөздер құрастыру. ЗЫДЛҰЖ, НАПШОЛ, ШЫРАҒ, ШАРМАҒАЛ, БЙҚАҢОРЫ
|
Оқушылар жұмбақтарға жауап береді |
Мадақтама сөздер арқылы |
|
Сабақтың соңы: (3 мин)
|
-Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда не істедік? Не білдік? Оқушылар:-Ғарыш туралы әңгімеледік, сұрақтарға жауап бердік, есептер шығарып, жасырын сөзді таптық, ... . Рефлекция: Сабақ басында берілген билетке өз ойларын жазып, кассаға тапсыру. |
|
|
|
ҚОСЫМШАЛАР
Сынып: 6
Оқушы саны: 25
Қосымша 1
Тапсырма 1
Сұраққа-жауап
Бағалау критерийі:
Ойлау дағдысы: түсіну
Дескриптор: -Ғарыш сөзінің мағынасын түсінеді
Қосымша 2
Тапсырма 2
Қағаз қиындылары
Бағалау критерийі:
1 топ:
1 – оқушы: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған.
2 – оқушы: Ол әскери авиациялық училищесін және сынаушы ұшқыштар мектебін бітірді.
3 – оқушы: Мәскеу авиация институтын тәмәмдаған. Ол ғарышқа ұшқанда «Батыр» атағына ие болған.
4 – оқушы: 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан Қазақстан – Австрия экипажы бар «Союз-ЭТМ - 13» ғарыш кемесі ұшырылды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Республика президенті Н. Ә. Назарбаевқа қазақ тілінде қысқаша рапорт берді.
2 топ: Талғат Мұсабаев өмірінен мәлімет беру.
1 – оқушы: Талғат Мұсабаев 1957 жылы Алматы облысы, Қоғалы ауылында туған.
2 – оқушы: Ол орта мектепті Алматы қаласында бітірген.
3 – оқушы: Ақтөбедегі Әскери училищені бітірді.
4 – оқушы: Рига қаласынан авиация институтын бітірді. Әуе авиация инженер мамандығын алды.
5 – оқушы: Ұшу үшін Алматы аэроклубына түсті. Содан соң жоғарғы ғарышкер тобында болды.
6 – оқушы: 1994 жылы 30 маусымда «ТМ - 18» кемесімен Маленченкомен бірге ұшты. Олар ғарышта 12 тәулік болды.
3 топ. Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов.
1 – оқушы: Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтеней ауылында дүниеге келген.
2 – оқушы: Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген..
3 – оқушы: 1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады.
4 – оқушы: 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
5 – оқушы: 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
6 – оқушы: Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Дескриптор: -Қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет алады.
Қосымша 3
Тапсырма 3
«Кім тапқыр?» ойыны.
Жұмбақ шешу.
Бағалау критерийі:
1. Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тең сарай.(Аспан)
Бірі – күндіз тынығады,
Бірі – түнде тынығады.(Күн мен ай)
Түнде күлімдейді.(Жұлдыз)
4. Басы озып құсты,
Қанат қақпай ұшты.(Ұшақ)
5. Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Күткен жанды кім дейді?(Ұшқыш)