Текст
16 ақпан күні Талапкер ауылы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Мұханбетқалиев Есбол Есенбайұлының ұйымдастыруымен "Қандай оқуға барамын?" тақырыбында онлайн конференция өтті. Конферецияда 2021 жылғы ҰБТ форматындағы өзгерістер мен ерекшеліктер айтылып, оқушылар өз сұрақтарын қойды. Сонымен қатар ҚазАту-ң факультеттері мен оларда оқытылатын мамандықтармен танысты.