1964 жыл Талапкер мектебі орталау, яғни 8 жылдық болды. 1961 жылы жатақхана ретінде салынған жаңа үй мектепке берілді. Сол кездегі мектеп директоры - Тойшыбеков Серікбек болды. Ол кісі осы мектепті ұзақ жыл басқарып келді, мектептің өсіп-өркендеуіне көп еңбек сіңірді, талай түлек түлеп ұшты. Мектеп жанынан қосымша 3 сынып пен спорт залы салынды.
Талапкер сегізжылдық мектебі дегенде есімізге Тойшыбеков Серікбек ағамыз бен қазақ тілі пәні мұғалімі Тойшыбекова Макен апамыз еске түседі. Тойшыбеков Серікбек ағамыздың ауылымызға сіңірген еңбегі зор.
1990-1991 жылдары мектепте 10-11 сыныптар ашылып, Талапкер сегізжылдық мектебі орта мектепке айналды. Мектеп алғашқы түлектерін ұшыра бастады.
Аллаға шүкір, 2011 жылы Талапкер ауылында 5500-дей түтін бар, 5500 үйде -7800-дей адам тұрады. №3 орта мектебінде - 522оқушы, мектеп шағын болғандықтан, қала мектептерінде - 174, көрші №48 Воздвиженка орта мектебінде - 34 оқушы білім алады. 1300-дей студент, 0-18 жасқа дейін барлығы - 1510 бала бар, 50 бала үшін шағын балабақша ашылған.
Талапкер мектебін 1941-1945 жылдары - Мұса,1946-1949 жылдары - Есенбаев Құсайын, 1950-1951 жылдары Сипатова Майра,1952-1956 жылдары Шарипов Қызыр, 1957-1958 жылдары Утегенов Ғажайып, 1959-1961 жылдары Муканов Жакуда, 1962-1977 жылдары Тойшыбеков Серікпек, 1977-1980 жылдары Усин Сейілбек, 1980-1982 жылдары Мүзан, 1982-1988 жылдары Тойшыбеков Серікпек, 1988-1991 жылдары Ильясов Ғабиден, 1991-1995 жылдары Бұғыбаев Ерқанат, 1996-2004 жылдары Малгаздарова Райлә Шаріпқызы, 2004-2011 жылдары Ермағамбетова Бахыткүл Ташимқызы, 2011-2012 жылдары Ильясов Ғабиден Саламатұлы, 2012 жылдан Абеева Сағынбала Қасенқызы.
№ 3 Талапкер орта мектебінің жаңа мектеп ғимараты 2013 жылдың 9 қаңтарында 900 орындық балаға арналып, «Нур-Астана» құрылыс компаниясының салуымен қолданысқа берілді. Мектептің ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі: Қожамжаров Қайрат қатысып, оқушыларға ізгі тілегін айтты. Бүгінгі күні мектепте 1707 оқушы білім нәрімен сусындауда. Мектеп қазіргі заманға сай жабдықталған. Жаңа үлгідегі химия, физика, биология кабинеттері бар. Төрт лингафонды кабинет, екі мультимедиялық кабинет және он екі кабинетте интерактивті тақта орнатылған. Логопедиялық кабинет 2014-2015 оқу жылында ашылды. Ер балаларға арналған металл өңдейтін және ағаш өңдейтін шеберханалар да бар. Мектепке Целиноград ауданынан оқушыларды тасымалдауға 2 автобус берілген.
Бүгінгі таңда мектепте 110 мұғалім еңбек етуде. Біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бойынша Сейдахметова Л.Қ., Екінші деңгей Кульмагамбетова С.Т. және үшінші деңгей бойынша Асанова А.Б., Жакенова Г., Иманбалина Г.Қ., Байжұма К., Зияш Б. сынды ұстаздарымыз біліктіліктерін арттырып, озық технологияларды өз сабақтарында пайдаланып, мұғалімдерімізге өз шеберліктерін үйретуде. «Бастауышым - бастамам»,- демекші, бастауыш сыныпта еңбек етіп жүрген озық тәжірибелі ұстаздарымыз аз емес. Атап айтсақ, Джолдаспаева Ж.М., Елешова С.А., Бозбаева Т.Б., Қожахметова А.А., Егентаева Ф.А., Баймағамбетова А.А., Хамитова М.К., Аубакирова А.С., Малгаздарова Т.Б., Файзуллина Г.М., т.б. Мектептің тәрбие үрдісін ұйымдастыруда, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудандық, облыстық сайыстарда топ жарып жүрген сынып жетекшілер аз емес, олар: Бекбергенова Л.Е., Алив Ж., Байсеркеева Ж.Т., Абдыманбекова Г.А., Шрахметова Ж.Т.,Кайкенова А.А., Дадаева Қ.Т., Байманов А.А., Какина Н., Қайсархан Г. Музыкалық жетекшілер: Хамитов Е.А. мен Шағыров Б.Т. мектебімізде әртүрлі мерекелік іс-шараларға көркемдік жетекшілік етеді. Оқушылары аудандық спорт сайыстарында топ жарып жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нағашыбаев Н.Н., Асқаров А.С., Серикбаева А.А., Омаров Қ.Е., Уалиев Д.Д. Білім беру үрдісінде заманауи технологиялар негізінде сапалы білім беріп жүрген алтын әріпті ұстаздарымызды атап өтпесек болмайды. Олар: Нуркеева З.С., Молдахметова Р.С., Ажибекова С.М., Илиясов Ғ.С., Аубакирова Р.Қ., Тлеуберді С.С., Отарбаев Ш.Ж., Бимағамбетов Қ.М., Магзумова Р.С., Кульмагамбетова С.Т., Сейдахметова Л.Қ, Иманбалина Г.Қ. Саткулова Қ.С., мектебімізді әрлендіріп, безендіру жұмысына үлкен үлес қосып жүрген технология пәнінің мұғалімі Ибраев М.И. еңбегі зор.
Мектептің биік шыңдарынан көрініп, оқушыларға саналы да, сапалы білім берудің заманауи талаптарға тәлім тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру барысында мектеп әкімшілігінің атқарып жүрген еңбектері өте зор. Атап айтатын болсақ, мектеп директорының оқу ісінің орынбасарлары: Ахитова Г.С., Елешова С.А., ғылыми ісі жөніндегі орынбасары: Шантасов А.С., тәрбие жұмысының орынбасарлары: Хамзина Г.А., Шакирова Б.М., әлеуметтік педагог: Асанова А.Б., психологтар: Реметова А.Қ., Шонбаева Ж.Х., тәлімгер: Халийхан М., шаруашылық меңгерушісі: Нургалиев Ж.Н., кітапханашы: Аубакирова А.А.
Мектебіміздің оқу – тәрбие үрдісіндегі жетістіктеріміз:
«ӘНШІ БҰЛБЫЛДАР» номинациясы бойынша мектебіміздің музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлының жетекшілігімен Зейнулла Даяна І орын.
Анварова Ситора. “ӘНШІ” номинациясы бойынша, бас жүлде. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.
Зейнулла Даяна оқушылардың аудандық “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» бойынша. Бас жүлде. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.
Мектеп командасы І орын жетекшісі мектеп тәлімгері Халийхан Мейрамгүл, мектептің дене тәрбие пәні мұғалімі Сағындыков Айбек.
1.Мектептің 11 «А» сыныптан құралған Болашақ командасы І орын.
Целиноград ауданының оқу бөлімінің басшысы Ағанас ауылының азаматы Ахметов Қанат Есенбекұлының жаңа мектептің ашылуына сіңірген еңбегі зор. Мектептің ыстық-суығына күйіп, күн-түн демей жүгірген абзал ағамыздың еңбегін талапкерліктер ұмытпақ емес.
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері - Усенова Гулпан Сүйінжановна, Цапаева Тамара Николаевна, Қабыкенова Айткул Аманжолқызы, Байболатова Майра Қауашевна, Мусина Айнұр Далабаевна, Кайыр Сағындықұлының мектебімізге деген құрметі ерекше.