«Әдептілік–әдемілік», Узденбекова Ж.К., 2 "Д"
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: |
«Әдептілік–әдемілік» |
|
|
Тәрбие сағатының мақсаты: |
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу. |
|
|
Дамытушылық: |
Оқушылардың сөздік қорын көбейтуге ықпал ету, ойлау қабілетін дамыту. |
|
|
Тәрбиелік: |
Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу |
|
|
Сабақтың көрнекілігі: |
Видео, слайд,. |
|
|
Сабақтың барысы: |
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу
|
|
|
ІІ. Сабақты түсіндіру: |
Мұғалім сөзі: Слайд арқылы ұлы Абайдың сөзімен сабақты бастасақ: «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап, босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам боламдесеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекермалшашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, тереңой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз…» -деп, адам баласына тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ. Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай Өзін ғана ойлаған - Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған - Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Ал, енді бүгінгі сабағымызда балалар «Әдептілік-әдемілік" туралы әңгімелесеміз
1. Әдепті болу үшін қандай қасиеттер бойымызда болу керек? Қане атап жіберейікші. 2. Әдепті бала қандай бала? 3. Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? 4.Өздеріңді әдепті деп санайсыңдар ма? (Әр оқушының пікірі тыңдалады. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік – әдемілік екенін ұмытпайық! білейік.
● Ал енді парақшаның бір жағына адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді, бір жағына адамгершілік қасиеттерді жазыңдар. Адамгершілікке жат қасиеттерді ешкім көрмесін. ● парақшаның бір жақ жарты бөлігіндегі адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Адамгершілікке жат қасиеттер осымен кетсін. (қоқыс жәшігіне жыртып тастайды)
|
|
|
IV. Сабақты қорытындылау |
Әр балаға ватсап арқылы хат жіберіледі. «Ақ тілек» Құрметті оқушым! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Абай атамыздың ғибратты сөздері естеріңде болсын! Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білетін әдепті де әдемі бала болатындарыңа сенеміз!
|
|
|
V. Бағалау: |
Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы ойлар айтып, белсенділік таныттыңдар. Мен сендерге ризамын. |
|
|
|
|
|

