Текст
Қараша айының 31.10.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің №2отырысы өтті. Әдістеме отырысына мұғалімдер толықтай қатысты.Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Кайкенова Асемгүл Аманкелдіқызы бірінші тоқсан қорытыңды есебі туралы айтып өтті. Пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудын тәсілі арқылы оқушы жұмысын бастапқы бағалау туралы мәселе талқыланды. Оқушының жеке дамуның жағдайы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қиындық туғызған тапсырмалармен жұмыс жасау қаралды.
«Пәндік оқыту барысында жаңа технологияны енгізу» тақырыбында Кайкенова Асемгүл Аманкелдіқызы баяндама оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде технологияны қолдану және сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.