Күні:22.02.2021 ж Сыныбы: 6Е Мұғалім: Магзумова Р.С. Мектеп:Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі |
|||
Сабақтыңтақырыбы: |
Ұлт мақтанышы – Жамбыл Жабаев |
||
Сабақтын мақсаты:
|
оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, дастанның тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту; оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. |
||
Бағалау критерийі |
|
||
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалімәрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|
Сабақтын ортасы 20 минут
|
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл, Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл. Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің, Даладажасасаң да ғасыр Жамбыл. Халық үшін төрге төсеп төсек етер, Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл. Көтерген көкке төбе тірелгенше, Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген. Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын. Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде: Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді. Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды. Ардақты үйдің иесі, |
Слайд арқылы мәлімет беру
|