Текст
Талапкер ауылы ЖОББМ қазан айының 31-і күні бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы болды. Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Отарбаева К.Ж 1 тоқсан қорытындысы бойынша айтып өтіп, мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу барысы талқыланды. "Пәндік оқыту барысында жаңа технологияны енгізу" тақырыбында Малгаздарова Т.Б баяндама оқыды. Бастауыш сыныптарда күнделікті сабақта жаңа технологияны қолдану және сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті.