Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам суреті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр суреті, сюжетті суреттер, автобус суреті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.
Техникалық құрал: слайд, суреттер
Барысы: топпен жұмыс
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жол тәрт ібін білейік, аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.
Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
9 - оқушы:
Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,
Жайбасардың, баяудың.
Машинаның жолы – көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме, аяулым.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол) деп атайды.
СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС /оқушылар дайындап әкеледі/
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.
11 - оқушы:
Жолақ жолмен көшеден
Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
БАҒДАРШАМ
12 - оқушы:
Бағдаршам аты
Үш көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
13 - оқушы: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз.
(ала таяқпен реттеуші қимылдарын көрсету)
Көрсең жолдың бойынан
МАЙ қызметкерлерін
Шаршау білмес, ей, ұлан,
Елеу керек еңбегін.
Көз салып ол қырағы,
Бос жібермей әр күнін,
Қадағалап тұрады
Жолда жүру тәртібін.
- Рахмет.
14 - оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
І топ. Ескерту белгілері.
1 - оқушы: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
2 - оқушы: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.
ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады
4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу
ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.
5 - оқушы: Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
9 - оқушы:
Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.
10 - оқушы:
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы,
Түсеріңді білгін.
Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.
2021-2022 оқу жылында өткізілген
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
атты тәрбие сағатынының ақпараты .
Сыныбы : 8«Д»
Сабақ түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам суреті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр суреті, сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.
Сабақ барысында оқушыларменалдымен бір - бірлеріне жаксы көңіл күй тілеп сабақты бастадық. Жоспар бойынша жол ережелер мен жол белгілері жайында оқушылар біраз мәліметтер алды. Топпен жұмыс жасады.Оқушылар өте жақсы дәрежеде өз білімдерін көрсете алды.
Сынып жетекшісі: Иманбалина Г.К.