Апталық жоспарға сәйкес «Жас өренге айтарым бар, құлақ салса» тақырыбы аясында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Парасат» әжелер клубы мүшелері 8 сыныптар арасында қашықтан тәрбие сағатын өткізді
Мақсаты:
ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;
проблеманы шешу – қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Өтілу форматы: онлайн
Мерзімі: 08.04.2021жыл
Сыныбы: 8сыныптар
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз. Осы мақсатты негізге ала отырып, мектебіміздегі «Әжелер» клубының кезекті қыз балалармен тәрбие сағаты онлайн режімінде 8 сыныптар арасында өтті. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.