Күні: 20.09.2021 ж Сыныбы: 7Ә Мұғалім: Какенова Ш.Ч. Мектеп: Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы. |
||||||||
Сабақтын мақсаты:
|
Ы. Алтынсариннің шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу. |
||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|||||||
Сабақтын ортасы 20 минут
|
Саламатсыздарма құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен ашық сынып сағатын өткізгелі жатырмыз. Оқушылар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Ендеше, бүгінгі сынып сағатымыз қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы Затобол жерінде дүниеге келген. Ол 1889 жылы қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы ғалым, жаңашыл педагог, ақын-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің атасы. Жоғарыда атап Ыбырай атамызды ақын – жазушы деп атап өттік. Енді балалар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мектеп табалдырығынан аттағаннан бері біліп жаттап жүрміз. Ең алғаш 1-сыныпта қандай өлеңімен таныстық? (Кел, балалар оқылық) 1-оқушы «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады 2-оқушы «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін оқиды. 3-оқушы «Ананың сүюі» (өлеңін оқу) Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы. Әңгімелері көбінесе балаларға арналған. Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
|
Слайд арқылы мәлімет беру
|
|||||||
Сабақтың соңы 5мин |
Рефлексия: Кері байланыс: «Стикерлер» Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:
Менің келесі сабақта нені білгім келеді? Қорытынды: Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын. |
|
|||||||
Үй тапсырмасы 2 мин. |
Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу. |
|