Күні:15.04.2021 ж Сыныптар: 7 Мұғалім:Жолаушина Г.Г. Мектеп:Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
«Жат ағымдардан аулақ болайық» |
||
Сабақтын мақсаты:
|
Дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу. Жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру. |
||
Бағалау критерийі |
|
||
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалімәрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|
Сабақтын ортасы 20 минут
|
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, әр түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған. Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес дінді қалай ажыратуға болады? Әрбір діннің шығу тарихы мен негізгі діни ұғымдарының дамуы туралы мағлұматтарды анықтап, білгеннің өзінде діни уағыздарды тыңдау барысында «діни қауіпсіздік» мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстанып, ақиқат сенім мен ақиқат діни жолды біз ғана білеміз дейтін «әулиелерге» сенім арпағаныңыз абзал. Ереже: 1. Көшеде кетіп бара жатқаныңызда, бейтаныс адаммен діни тақырыпта әңгімелесуден бас тартқаныңыз дұрыс.
2. Егер әңгіме басталып кетсе, аты – жөнін сұрап, танысыңыз. «Біз – Христостың Шіркеуіміз» деген жауапты қабылдамаңыз.
3. Есіңізде болсын, көп жағдайда дәстүрлі емес діни миссиялар бүркемеленушіліктермен сипатталады. Мысылы, Сізді ағылшын тілінен тегін курстарға шақырып – Киелі Кітапты оқып, сол бойынша өмір сүруді насихаттайды. Мұндай әдістердің «экологиялық форум», «сырласу мектептері» және бүркеме ат жамылған т.б түрлері бар.
4. Сізге керемет мақтау, мадақтау сөздерді айтып, Сізді өздеріне, қауымына «байлап алу» тактикасын қолданады. Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңадан танысқан адамдарға «махаббатпен жаулап алу» терминін қолданады. «Сіз ерекше дана адам екенсіз!», «Сіз өте жақсы киінеді екенсіз!», «Сіздің талғамыңызға біз бас иеміз!» т.б.
5. Белгілі бір діни бірлестіктің ғибадатына бармас бұрын, ата – аналарыңызбен, туған – туыстарыңызбен, Сіз үшін аса құрметті кісілермен ақылдасқаныңыз абзал.
|
Слайд арқылы мәлімет беру
|
|
Сабақтың соңы 5мин |
Рефлексия: Кері байланыс: «Стикерлер» Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:
Менің келесі сабақта нені білгім келеді? Қорытынды: Бүгінгі бас қосуымыздың, яғни дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатымыз, бүгінгі жастар, ертеңгі қазақ елінің болашағы сіздерді қазіргі сәттегі еліміздегі әртүрлі секталардан сақтану қажеттігі жайында мағлұматтар беру болатын. Сіздерді бүгінгі дөңгелек үстелімізден көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймын. Ендеше, Ислам дініміздің іргесі берік болсын, басқа діни ағымдардан сақ болайық! |
|
|
Үй тапсырмасы 2 мин. |
«Жат ағымдардан аулақ болайық» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу. |
|
|