Тәрбие сабақтың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан»
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту.
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, нақыл сөздері, слайд, бейне көрініс
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірлесу, сурет салу
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! -Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз
-Сәлеметсіздер ме балалар?
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге, жылы лебізімізді арнайық.
Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.
-Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық.
-Шынымен «Бақыт»деген не ?
Сендер қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс Отан,Ана,Туған жер т.б.
-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Елімізде қандай ұлттар тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін слайдта көрсету)
-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.
Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.
Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.
«Әңгімелеу»
Ә.Табылдиевтің «Қасиетті шар»әңгімесін оқып беріп,мазмұнын түсіндіреді
-Шарды неліктен құрмет тұтты?
-Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз,суымыз көліміз,орманымыз тауымыз.
ІІ. Негізгі бөлім .
Ендігі кезекте осы мереке қалай пайда болды, қандай елдерде атап өтіледі, осыған тоқталып өтелік. 1889 жылы Парижде ІІ Интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің сегіз сағатты жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне 1 мамыр бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының бауырластық ынтымақ күні, яғни халықаралық мереке ретінде атап өтейік деген ұсыныс қызу қуатталды.
«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық,достық,бірілік
Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.
«Шығармашылық жұмыс»
«Туған еліме тілегім
Қазақстан картасының суретін көрсету
Ал бізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады және басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Келесі кезекте әннен шашу шашайық!
1 – оқушы: Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
2 – оқушы: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
3 – оқушы: Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан
Тілейміз – бейбіт күн
Ашық болсын кең аспан.
4 – оқушы: Дос, бауыр көп,
Тосқауыл жоқ,
Айқара ашық есігің.
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» ойтолғау жазу
ІІІ. Қортынды. Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй, бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз» деген сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз –
біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап өтті. Ел бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегендікпен Елбасы айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі..