Күні: 15.09.2022
Сынып: 4 Ә
Тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.
Әдіс-тәсілі: Көрініс
Көрнекілігі: ақын портреті, қойылым маскалары
1. Мысалдар туралы түсінік.
Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
Қорытынды:
5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Ағылшын тілінде «The frog and ox» атты мысал әңгімеге 4 Ә сынып оқушыларының қатысуымен көрініс қойылды. Қойылымның басты мақсаты тілді меңгеріп ғана қоймай ұлт ұстазы жайлы ақпаратты насихаттау. Мысал әңгіменің түпкі ойы адам бойындағы жаман қасиеттерді көрсету.
Өткізген: Аубакирова А.Е.
Болат Ұ.
Нурпейсова Г.Т