Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Талапкер ауылы №3 орта мектебі КММ
Күні: 11.09
№: 2
Мұғалімі: Егентаева Ф.А
Сыныбы: 1 «Ғ»
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: шындықты айту, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
Мақсаты: Оқушыларға адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, тек шындықты айту керектігін үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://infourok.ru |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. №1 – сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу. Сұрақтар:
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды) «Ақиқат – даналықтың бастауы» Халық даналығы Сұрақтар: 1. Адал деген не? 2. Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Не үшін? Қ.Мырзалиев Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін! Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін! Жүрек деген не үшін керек Жауларымнан қыңбау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек! Ақиқатты айту үшін! Ал аяғың?.. Шет жүрсем, Туған жерге қайту үшін! Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
|
|
6. Топпен ән айту. «Біз осылай өсеміз» Сөзін жазған М.Әлімбаев Әнін жазған И. Нүсіпбаев Суда жүзіп өсеміз, Қырды сүзіп өсеміз. Күнге қызып өсеміз, Құмда шыжып өсеміз. Қайырмасы: Талаптанып өсеміз. Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз, Баулар егіп өсеміз. Жеміс теріп өсеміз, Жеңіскер боп өсеміз. Қайырмасы. |
|
7. Үй тапсырмасы. №3 – сабақ. «Сыпайы қоян» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу. |
|