"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты "Мукагали-мәңгілік ғұмыр", сынып 9 "Г" сынып жетекшісі: Алив Ж.

Тәрбие сағаты

«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»

Күні

06.02.2023

Сынып жетекші:

Алив Ж

Сынып: 9 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

 «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»

Сабақтың  мақсаты:

 Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

 

Көрнекіліктер

М. Мұқатаевтың портреті, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация

Музыкалықжәне

бейне көркемдеу

Интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар. Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар, суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы  әрекеті

Ресурстар

 

Ұйымдастыру

кезеңі (7 мин)

 

 -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолына арналады.

 

-М. Мақатаев өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

(Кластер құру)

 

       
 
 
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  3 топқа бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды

Компью

тер,

Презен

тация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ

басы (13 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

 Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз.  Мұқағали- ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынды қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай: « «Жазылар естеліктер мен туралы,-» дейді ақын. Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.

 Оқушылармен

 М. Мақатаевтың

еңбектерін слайд бойынша талдау
 

 

Бейне материал

дар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы (20 мин)

 

Әр топқа бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты   тапсырма беру Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін 3 топқа түрлі тақырып берілген:

1. Мұқағали- мәңгілік ғұмыр ( Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)

2. «Поэзия менімен егіз бе едің ?» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

3. « Жазылар естеліктер мен туралы » (ақын жайлы естеліктер оқу)

   Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. "Қарасаздан ұшқан қарлығаш"-деген өлеңінде:
"Мен өзім жайында мынаны айтам:
Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."- деп жазған екен.Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.

«Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе- күн қасымызда, әне,ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп,жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр.» Әбділда Тәжібаев

 Аружан: «Поэзия менімен егіз бе едің ? »

 Мұқағали- біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Көзі тірісінде «Жазылар естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының мәңгілік пен жалғасатынын дөп басып айту- көрегенділік. Сабина:  «Өлең деген тумайды жайшылықта » өлеңін оқиды.

 Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

 

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын » деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың мұралары мәнгі есімізде.

Қорытынды: Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда Мұқағали мұрасы –халық қазынасы. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз

1.Мұқағалидың шын есімі?
2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?
3. Мұқағалидың анасының есімі?
4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?
5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?
6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?
7.Мұқағалидың туған күні?
8.Мұқағалидың туған жері?
9.Мұқағалидың әкесінің есімі?
10.Мұқағалидың балаларының есімі?

 

 

 

Оқушылардың ойлары тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

 

Соңы

Рефлекция (5мин)

 

 

 

 

Кері  байланыс

Мен үшін Мұқағали Мақатаев ... (
оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі)

 

 

Оқушылар стикерге өз ойларын жазады.

Стикерлер:

Жасыл алма (ұнады)

Сары алма (орташа)

Қызыл алма (ұнамады)

Стикерлерге жазып алма ағашына ілу.

 

 

Жаңартылған күні: 06.02.2023 10:38
Құрылған күні: 06.02.2023 10:38

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст