«Әдеп пен ар-ұят - қыздың көркі»
|
Бекітемін: №3 Талапкер орта мектебінің директоры Абеева С. Х «__» ________2020ж. |
Келісемін: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Хамзина Г.А. «___»________2020ж |

«Әдеп пен ар-ұят - қыздың көркі».
Сынып жетекшісі: Магзумова Р.С.
2020-2021 оқу жылы
|
Күні |
28.01.2021 |
|
|
Тақырыбы |
«Әдеп пен ар-ұят - қыздың көркі».
|
|
|
Мақсаты |
- Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; - Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; - Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу; - Есте сақтау қабілеттерін және елестету элементтерінің кемшіліктерін түзету.
|
|
|
Күтілетін нәтижелер |
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттері туралы түсінеді
|
|
|
Қолданылатын ресурстар |
Интернет ресурстары
|
|
|
Көрнекі құрал-жабдықтар |
1) «Қыз – елдің көркі» бейнеролик. 2) Мақал – мәтелдер. 3) Қыздардың қолдарынан шыққан әртүрлі өнерлер көрмесі (тоқыма, іс, кесте, бисер, сурет).
|
|
|
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) |
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады |
|
І. Кіріспе сөз |
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, ибанаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген суреттемелер берген. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің кқркі, Гүл – жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
|
|
|
ІІ. Негізгі бөлім.
|
«Мақал мәтелдер жарысы» Мысалы: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяндық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген. Әр қыз бала қол өнер жұмыстарын таныстырады. Мысалы; 1) Ою – өрнек 2) Кесте тігу 3) Бисермен жұмыс 4) Суреттермен 5) Шәй әзірлеп, шәй өнерін көрсетеміз Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі шашы» деп қыздың шашың күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым», «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген. «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым». Ал, Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттеген: Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін. Бойжеткен қыздарды қазақ халқы ажарына қарай жетіге бөліп қараған ғой. 1. Әдемі қыз. 2. Әсем қыз. 3. Көрікті қыз. 4. Ажарлы қыз. 5. Шырайлы қыз. 6. Сұлу қыз. 7. Ару қыз. Осы қыздар туралы өз ойларыңды ортаіа салсаңыздар
Ал қазіргі отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттерді табуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
|
1. «Жақсы қыз – жағадағы құндыз» 2. «Қыз қылығымен сүйкімді». 3. «Қыз ақылы шешеден». 4. «Қызға қырық үйден тыйым». 5. «Қызым үйде, қылығы түзде». 6. «Қызы бар үйдің қызығы бар». Қыз бала – бойжеткен, келін, ана Бәрі де дер кезінде дара тұлға Ұрпағынның ойласақ болашағын, Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла. 2-оқушы: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді. 3-оқушы: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыса төгілген қос бұрымымен. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы – Қыз сұлу көрінеді білімімен. Қыз сұлу көрінеді шашыменен, Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен. Қыз сұлу көрінеді толған айдай Он бес пен он сегізде жасыменен.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының дос – жарандарының әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірбиесінен алынған.
|
|
Қорытынды
|
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпайты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.
|
|
|
Рефлекция (5мин) |
1) Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек? 2) Қыз балаға қандай міндеттер жүктелген? 3) Басқа ұлттарға қарағанда қазақ отбасында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі қандай? 4) Қазіргі отбасындағы қыз баланың тәрбиесі қандай? Бүгінгі заман жастарымыздан терең білімді, салауаттылықты, ұлттық тіліміз бен дінімізді құрметтейтін мәдениетті талап етеді. Осы талап тұрғысынан көріне білуге мемлекеттімізде барлық жағдай жасалған. Біз, ата – аналар, мұғалімдер өмірден көрген – білгенімізді жастарға үлгі – өнеге, ұлағат ретінде айта жүру парызымыз. Оларға әркез аялы алақан, мәпелеген бап керек.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
|
|