"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Сабақтың тақырыбы: Жетім көл, сынып: 8Г, 8В

Сабақтың тақырыбы:                 Жетім көл

Мақсаты:
білімділігі – М. Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұғындыру.
дамытушылығы – поэзияны сүюге және оны мәнерлеп оқуға баулу, жырды
жүрегімен түсіне білуге үйрету.
тәрбиелігі – отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Қамқорлық, мейірімділік
қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты аялау сезімдерін ояту.
Әдісі: қашықтықтан .Презентация, баяндау, мәнерлеп оқу, жатқа оқу,көрініс
Ұйымдастыру кезеңі:

 І-  Айтылар естеліктер мен ақынның  шығармашылығы туралы

 ІІ- «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың –өлеңдері мен әндері

ІІІ- «Аққудың қанатына жазылған сыр» Поэмадан үзінді

Барысы:
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің негізгі шын аты – Мұхаметқали. Бірақ оны кішкентайынан еркелетіп Мұқағали деп атап кеткен. Әкесінің аты – Сүлеймен, анасының аты – Нағима. Әкесі соғыста қайтыс болған. 1941 жылы әкесі соғысқа аттанғанда Мұқағали не бары 10 жаста еді. Мұқағали мектеп бітірген соң, 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, ауылға оралады. Мұқағали ауылдың хатшысы болып қызмет атқарады. 1952 жылы ауылда жүріп өз отбасын құрады. Әйелінің аты-Лашын. Оның 4 баласы болды. Олар Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Ол қазақ радиосында диктор болған. Ақынның «Менің анкетам» атты өлеңінде өз өмірбаяны баяндалған. (Осы жерде «Менің анкетам» өлеңі оқылады)
«Менің анкетам»
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931ж. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Алайда өзім жоғары бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
- Мекен – жайың?
- Мекен-жайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау келгемін.

«Мұқағали поэзиясы – тірі поэзия». Ол поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім күшінде жатыр деп түсінеді. Ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай «Мұқағали – ең алдымен ақын. Ол – қазақ жырының құдіреті». Олай болса, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.

- Балалар, сендер білесіңдер, ме? Мұқағалидың өлеңдеріне көптеген композиторлар ән шығарған. Қазір, біз Мұқағалидің сөзіне жазылған «Сенің көзің» атты тамаша әнді тыңдап көрелік.

Поэмасынан көрініс

Автор:

 Оралмады, аққулар осы маңға,

Жылдар өтті байғұстар шошынған ба?

Жетікөл жетімсіреп қала берді,

Арман-ай ,аққуыммен қосылар ма?

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған,жаудыраған.

Түні мынау---тамыздың маужыраған,

Тауың мынау---шымылдық салбыраған

 Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар

Миын қарып барады,миын қарып.

Ана:

 «Мана күндіз, тәуіп шал не деп кетті?

Әлде өтірік,әлде шын демеп кетті.

«Аққуменен баланы аластаңдар,»-

Деді дағы жайымен жөнеп кетті...»

-Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Қмытылып кетті ме санатыңнан?

Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз-ол да адамға бола туғагн.

Жетімкөлге барып қайт таң жамылып,

таң атқанша қалай да тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды,салма бүлік!

Кім білсін ,мүмкін, бәрі жалған үміт...

Әке :                        

 -Апыр-ай,қалай барам,қалай бара?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?

Айдынының аққуы ұйықтағанда.

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атса қасиетке қалай ғана?

Бармаймын, бара алмаймын,қалай барам?

Ана: ашуланып

--Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі,

Балам өлсе,бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын,

Перзент сұрап, несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!

ІІ-көрініс    Жетімкөлмаңы.Үйқыдағы аққулар.

Автор:             

Ана отыр.

Озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда,әлдекім табалауда.

...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп ана отырған жағалауға

Шошымай шолжаң өскен батырларың ,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнып бейбағың ,топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын

Жылқышы:

-Апыр-ай,бұл кім болды,таңсәріде,

Көргенсіз, көл басындамылтық атқан?!

Құстардың зәре –құтын шашыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр-ай ,жоқ еді ғой елде желік.

Бұл маңның адамы емес,сірә дағы,

Білмеймін, табайын да бір амалын.

Қаруы бар кәззапқа құрықпенен,

Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...

-Ей, берекесін бұл жердің кім қашырған?

-Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?

Тастағың қаруыңды,келгін бері,

Келгін бері,кеудеңде жаның  барда!

Автор:                            

Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,

Бөгелмей,Жетімкөлге лақтырды.

Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қарусыз қартқа келді;аянбады:

Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп;

Болған жайтты келіні баяндады.

Жылқышы:

 -Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиеті кетті көлден,сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт,олжаны қой!

Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,

...Білмеймін, сор аттың ба,бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Ана:                             

 -Әлек боп,арпалысып сор қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен.

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір, «аққу атқан оңбайды мен»...

Жылқышы .Солай,солай...

Аманат бір Құдайға...

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...

Ана:  Көкке алақанын жайып)

-Қазір ботам...

Мінеки, таң атады...

Қазір ботам,аққумен ұшықтаймын,

Жазыласың, құлыным, балапаным!

Қасиет!

О,қасиет

Осындай ма едің?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай маең...

Қасиет!..

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет...

Қасымдағы досымдай ма ең?!

Қасиет... Қасирет...

Қасірет... Қасиет...

Автор.

 Аққулар..

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса ,екінші рет оралмайды.

********************************

Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

Сұрақ жауап:

- Поэмадағы оқиға қай жерде болады? (Жетімкөл жағасында)
- Тәуіп шал ана мен әкеге не деп кетті?
- Ол дұрыс айтты деп ойлайсыңдар ма?
- Ана аққуды неге атпақ болды? (Тәуіптің айтқанын орындап, баласын емдемек болды)
- Аққуды атуға бола ма? Неге? (Өйткені, ол – киелі құс, священная птица)
- Киелі құс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көлдің «Жетім көл» деп аталуы неліктен?
- Ананы кінәлауға бола ма?
- Поэмадағы ана әрекетін қалай бағалайсыңдар? Бұрыс әлде дұрыс?
- Поэмада ана кімнің қасынан кеткеніне өкінді?

Кеш соңын қорытындылау:
Слайдтағы сұрақтарға жауап беру.
Бүгінгі кеш соңын ақынның өзінің жыр-шумақтарымен аяқтасақ.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

 

Жаңартылған күні: 05.03.2021 07:39
Құрылған күні: 05.03.2021 07:46

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст