Талапкер ауылының ЖОББ мектебінде "Тіл өлшеусіз қазына өрісі кең әлем" атты тілдер апталығына орай ұйымдастырылған іс шарада ағылшын тілінен "Famous people of Kazakhstan" тақырыбында өткен сыныптан тыс сабақтың ақпараты
Күні:12.09.2023
Тақырыбы: «Famous people of Kazakhstan»
Сынып: 9 сыныптар
Мақсаты: 9-сынып оқушылары арасында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында Қазақ халқының улы адамдары жайында өз ойларын айту, дәйекпен, дәлелді көрсетуге тәрбиелеу. Тілді құрметтеуге үйрету.
12.09.2023 күні « Қазақ халқының ұлы адамдары» такырыбында 9-сыныптар арасында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар 3 топқа бөлінді. Қазақ ақын-жазушылары жайында викториналық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, аударма тапсырмалары да берілді. Әр топ оқушылары сабаққа өте қызығушылықпен қатысты деуге болады.