2 " А " сыныбы. «Алуан түрлі ғаламшарлар» тақырыбында ашық сабақ. Қасаева Ж. Т.

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Жаратылыстану пәнінен өткізілген ашық сабақ есебі

Ақпаң айының 17-күні 2 «А» сыныбында «Алуан түрлі ғаламшарлар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Күн жүйесі ғаламшарлардың ретін біледі, бақылау жүргізудің жоспарын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Күн жүйесіндегі  ғаламшарларды ажыратып,айтады. Бақылау жүргізудің жоспарын құрып, түсіндіріп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Күн жүйесіндегі  ғаламшарларды анықтап, өз ойларын қосады. Бақылау жүргізудің жоспарын құрып, өз жұмыстарын дәлелдеп ойларын қоса алады.

Ресурстар: Интербелсендітақта, оқулық, суреттер, топқабөлугеарналғанкеспеқағаздар, топтықтапсырмалар, керібайланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, бейнеролик, топтастыру, сәйкестендіру, жұптық тапсырма,топтықтапсырмалар, жұмбақ шешу, кері байланыс, Рефлексия.

Сабақтың барысы:

Сабаққа 13 оқушы қатысты.Ұйымдастыру кезеңі «Жұмбақты шеш» ойынымен басталды.Оқушылар 3-топқа бөлінді. Алдыңғы тақырыпты қайталау мақсатынды жұппен тапсырма берілді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін бейнежазба көрсетілді,әрі қарай сұраққа  жауап беру арқылы, ғаламшарларды күн жүйесіне орналастырды.Әр топқа топпен  орындайтын тарсырма берілді.1-топқа ғаламшарлардың атын тауып жазу, 2-топқа сәйкестендіру, 3-топқа сөзжұмбақ берілді.Әр топ мүшелері орындаған тапсырмаларын қорғады.К/б: «Жұлдыздардың көңіл – күйі» әдісін қолдандық.Сабақ мақсатына жетті.Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. Кері байланыс: «Зымыранды боя»түсіндім (жасыл), сұрағым бар (көк), түсінбедім (қызыл) тәсілін қолдандым.