Күні: 23.09.2021 ж Сыныбы: 7 Е Мұғалім: Магзумова Р.С. Мектеп: Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
«Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин»
|
||
Сабақтын мақсаты:
|
оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; М.Ғабдуллиннің өмірінен мысал келтіре отырып адалдық пен әділдікті құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру
|
||
Міндеттері: |
адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу. |
||
Бағалау критерийі |
|
||
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі.
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|
Сабақтын ортасы
|
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі -қазақтың әулиесі сол”. Абай. Әділдік-шыншылдық; турашылдық, адалдық, дұрыстық. Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”. Абай. Өз өмірінде әр ісін адалдық пен әділдікті көрссеткен М.Ғабдуллин туралы мәлімет: Кеңес одағының батыры, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллин Мәліктанушы ғалым Серік Негимов жазушының балалық шағы жайлы: "Мәлік көпбалалы отбасынан шыққан, бір үйде он бала болды: Мәлікпен бірге, 6 ұл, 3 қыз болды. Бауырлары мен шешесі Әлия бәрі 1932 жылы ашаршылықтың құрбаны болды. Аман қалғаны тек Мәлік қана", - дейді Кеңес одағы батырының 100 жылдығына арналған кітапта. Мәлік жастайынан еті тірі, ақылды, қайсар бала болып өседі. 8 жасынан ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан Құлет ауылындағы мектепке барады. Онда бастауыш сыныпты аяқтап, Көкшетау қаласындағы коммуна мектебіне қабылданады.
Осылайша баспада Мәлікпен Бейімбет Майлин танысады. Ол кісі сол баспаның басқарушысы болды. Екеуі біраз әңгімелескеннен кейін оның тегін бала емес екенін аңғарады. Баспаға жұмысқа шақырады. Осында оқып, жұмыс істей бер дейді. Қателеспесем, Мәлікке айына 80 тиыннан ақша төлеп тұрады", - дейді Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабек "Өмір жолы" деректі фильмінде.
|
Слайд арқылы мәлімет беру
|