"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары» Сынып: 7 Ғ, сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г.

   Күні: 06.05.2021 ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                          

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары»

Сабақтын мақсаты:

 

Оқушыларға Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін, Ұлы Отан соғысы кезінде батырлығы мен қайсарлығымен көзге түскен өжет мінезді қазақ қыздары Әлия мен Мәншүктің,  қазақтың батырымен Бауыржан Момышұлының ерлігімен таныстыру.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл 1941 жылы 22 маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер күшті армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында соғыс ашты. Фашистер күзге дейін-ақ Кеңес Одағын талқандап жеңеміз деп даурықты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты-Москаны басып алу еді. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін!» деген ұран тастады. Дәл осы кезде  Отан –Ана шақырады! Деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел болып қолдады.

     Ұлы Отан соғысы басталуымен Қазақстан еңбек майданының негізгі республикасына айналды. Соғыс жылдары Қазақстан өндірісі қарқынды  түрде әскери салаға көшірілді. 1944 ж мұнай өндіру үш есе өсті, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі 1,5 есе өсті. Қазақстан колхоздары мен совхоздары мемлекетке 56 млн. Пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың жүн тапсырды. Қазақстан халқы ерікті қаражат жинауға үлес қосты. Тарышы Ш.Берсиев, күрішші Ы.Жақаев секілді жерлестеріміз жан аямай жұмыс жасаудың үлгі-өнегесін көрсетті. Республика 1 млн адамды, оның ішінде балалар үйінен 13 мың балаларды қабылдады. Сөйтіп еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін Жеңіс күнін жақындатуға жұмылды.

Қазақстаннан 1 млн 870 мың Қазақстандықтар жан аямай шайқасты. 518 адам оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.   Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында  1945 жылы  9- мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. «Ер етігімен су кешкен» сұрапыл соғыста ерлермен бірге колдарына қару алып Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдагулова мен Мәншүк Мәметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.

Әлия Молдагулова. (1924-1944) Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды9-сыныпта оқыды. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Ол 26-атқыштар дивизиясында құралайды көзге атқан мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты.

Маншук Мәметова (1922-1943).

Қазақтың қаһарман қызы, кеңес одағының Батыры Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан  облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалып, Алматы да тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді.

   Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүр еді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Невель қаласын қорғау кезінде Маншук ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты.

Туған жерім Мыңбұлақ,  арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер,   балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. - деп өзі

жырлағандай, Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Бауыржанның өз әкесі  Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.

1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан  даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында  майданға аттанды.

Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы иның басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

Момышұлы өмірбаянының ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алды. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың  И.В.Карпов басқарған 1073 - полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қомылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді.Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып,майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов,  Д.Снегин,  Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе.

Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктері үшін қазақстандық 500- ден  астам жауынгер Кеңес Одағы Батыр атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ оған соғыс біткеннен кейін жарты ғасыр уақыт өткенде  барып берілген болатын. Ол 1990 жылдың 11 - желтоқсаны еді.

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Ешкім де ешнәрсе де ұмтылмайды!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғайды.

Ақ сүт берген, анасын қорғады.

Пәк жүзді арай баласын қорғады.

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

«Қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

Жаңартылған күні: 06.05.2021 10:03
Құрылған күні: 06.05.2021 10:03

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст