Күні: 18.05.2021 ж Сыныбы: 7 Ғ Мұғалім: Жолаушина Г.Г. Мектеп: Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
«Ұлы Даланың дара тұлғасы» |
||
Сабақтын мақсаты:
|
|
||
Бағалау критерийі |
|
||
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|
Сабақтын ортасы 20 минут
|
Олжас бір жасқа толғанда әкесі Омар сол кездегі Қызыл Армияның басшылық құрамының үздік өкілдерінің көбі сияқты атылып кете барады. О. Сүлейменовтың әке жағынан ата-бабасы ақын, музыкант, жауынгер болса, ал шешесі жағынан – құрылысшы-саманшылар болған. Олжастың атын Абылай ханның атты әскерінің оң қанатын басқарған жетінші атасы Олжабай батырдың құрметіне қойған. Олжас 1954 жылы Мәншүк Мәметова атындағы №28 орта мектепті аяқтаған соң, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Алайда ақындық қасиет оны өзінің өмір жолын қайта қарастыруға: инженер-геолог дипломын ысырып қоюға мәжбүрлейді. Ол 1958 жылы Мәскеудегі А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары әдебиет курстарына оқуға түседі. Курстарды аяқтаған соң «Простор» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясының сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы, Қазақстан Кинематографистері одағы басқармасының бірінші хатшысы, ССРО Жазушылар одағының хатшысы болып қызмет етті. 1991-1994 жылдары О. Сүлейменов шығармашылық жұмыста болды. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Табиғатты пайдалану және экология комитетінің мүшесі, 1995 жылдан бастап 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, кейін Грекияда, Мальтада дипломатиялық қызметтерде болды. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы (UNESCO) тұрақты өкілі. |
Слайд арқылы мәлімет беру
|