«Денсаулыққа зиянды әдеттер» сынып жетекшісі: Магзумова Р.С. сынып 6 "Е" сынып
|
Күні |
12.11.2020 жыл |
Сынып: 6 «Е»
|
Сынып жетекші: Магзумова Р.С. |
|
|
Тақырыбы: |
«Денсаулыққа зиянды әдеттер» |
|||
|
Мақсаты |
Зиянды әдеттерге жағымсыз қарым –қатыныс, олардан бас тарту дағдысын қалыптастыруға көмектесу. Денесін шыңдауға, ұқыпты, талғампаз, қанағатшыл таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
|
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ой өрісі дамиды. |
|||
|
Қолданылатын ресурстар |
Интернет ресурстары, бейнежазба, слайд |
|||
|
Өткізу форматы: |
қашықтан. Оқушыларға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.
|
|||
|
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
||
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (2 мин) |
Амандасу
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады |
||
|
Сынып сағатының күн тәртібіндегі сұрақтар:
|
Зиянды әдеттер:
|
Сынып сағатында қарастырылатын сұрақтарымен танысады |
||
|
Кіріспе
|
1.Гигиена пәні нені зерттейді? 2.Гигиеналық зерттеулердің тәсілдері? 3.Жеке бастың гигиенасы дегеніміз не?
|
1.Қоршаған ортаның әртүрлі факторлар мен әлеуметтік жағдайлардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейтін ғылым.Гигиена-негізгі профилактикалық пән, қоршаған ортаның әртүрлі факторлар мен әлеуметтік жағдайлардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. Гигиена аурудың алдын алуға, оны болдырмауға және адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларлды талдап белгілейді. 2.Физикалық, химиялық бактериологиялық, физиологиялық және басқа сынау тәсілдрі пайдаланылады. 3.Күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар.
|
||
|
«Жұмыс парақтарын» толтыру.
Темекі тартудың зияны.
Алкогольдің зияны.
Есірткінің зияны.
|
Оқытушы оқушыларға тігінен екіге бөлінген жұмыс парақтарын (А-4) таратады. Бірінші бөлігіне жақсы (пайдалы) әдеттер, екінші бөлігіне зиянды әдеттер деп жазылған. Оқушыларға ойланып, жұмыс парақтарын толтыру ұсынылады. Болғаннан кейін бірнеше студент өз жауаптарын оқып шығады.
Темекінің зияндылығы темекі құрамында болатын никотиннің орталық жүйке жүйесін қоздыратынына байланысты. Никотиннің адамға әсері аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық ағзаларға әсер еетеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары. Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр атересклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады және канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себап боалтын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін әсерінің ең қауіптісі бұл, келер ұрпаққа тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар. Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метабализм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді. Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де отбасында пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау қауіпі 70% артады. Ата – анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата-анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда екі есе көп ауырады. Никотин жүйке жасушалар үшін өте уытты. Никотиннің аз досасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін бұзады, олар бірте- бірте әлсіреп, ақыл ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптом симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушандық, дисфория, жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды. Никотин жүрек жұмысын жеделтеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б басталады. Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қан мен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі таратушының ақыл ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді. Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер үшін тым жаман.Жүргізілген зерттеулер бойынша мектептегі әуестену жағдайын балалар компания үшін, зеріккендіктен, еркеліктен немесе таңырқаушылықтан деп түсіндіреді. Бүгінде жасөспірімдердің 63 пайызы көшеде, шылым шегеді, 22 пайызы подъездерде тығылып шегеді, ал 7 пайызы батырлықпен үйлерінде ата – анасы жоқ кезде шегеді екен. Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті өйткені, басқа ағзаларға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады, сонымен қатар ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі. Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алколгольдің адам ағзасына әсері ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, ұлпалардың күйіп солуына, асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында, инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкоголдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь адам қанының жасушалары эритроциттердің бұзылуына себеп болады. Осының нәтижесінде деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден ұпаларға (көмірқышқыл газын кері) тасмалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь тұтынушы адам жүрек қантамыр жүйелерінің ауруларына, ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды. Сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің бұзылуында болады. Бұл қауіпті затдаптарға диабетті жағдайларға, тамырлар мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Жүрек қан тамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зияды сусын болып саналатын сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл жағдайда жүректің көлемі үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға биім болады. Осыдан әртүрлі аритмиялар, қан қысымының көтерілуі пайда болады. Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның салдарынан психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің пайда болуы, адамның дағдырысқа ұшырау мәселелері.Арақ ішкенде әуелі асқазан мен ішектен қанға сіңіп, қан арқылы бірінші бауырға келеді, ол шамасы келгенше сүзгіден өткізіп, уын жойып қанды тазартады, ал егер адам арақты көп ішкен жағдайда бауыр жасушалары ісініп, уланады олардың орнын май жасушалары басады. Бауырдың қызметі бұзылады, оның организмді улы заттардан тазалау қабілеті жойылады, осыдан цирроз ауруы дамиды. Көп жағдайда аддамдар одан қайтыс болуы мүмкін.Ішкен адамның көңіл – күйі көтеріңкі болады. Сондықтан да бір – екі рет ішіп көрген соң әр түрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы ішкісі келіп тұрады. Осылайша бірте – бірте оған құмарлық пайда бола бастайды. Әсіресе жастар көбірек еліктегіш болады. Жасөспірімдер көп жағдайда ішімдікті белгілі бір жағдайда, яғни өзін мезі еткен проблемалардан арылу мақсатында, қыздармен пікірлесу кезінде ұяңдықты жеңуге, кештерде өзін батыл және сенімді көрсету үшін пайдаланады. Бұл себептердің барлығы маскүнемдікке салынудың басты жолдары болып табылады. Осындай түкке тұрмайтын себептермен күнде ішеді. Таңертеңгісін ұйқыдан тұрған соң басы ауырып, мең – зең болып, көңіл – күйі нашарлап оянады да, бір жүз граммды ішке тастағаннан кейін жадырап, күлімдеп шыға келеді.
Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі – тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді.Бұл адамның миын, психикасын (жүйке жүйесінің дисфункциясы салдарынан мидың бұзылуы) ақырындап бұзатын у. Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары бұл гастрит, жүрек бұлшық етінің әлсіреуі және ЖИТС. Ағзаға наркотикалық заттарды енгізген кезде, адамның беті қызарып, бүкіл дене қызып рахатқа бөлене бастайды. Тері жеңіл-желпі қышиды. Кейін жайбарақаттық үрдіс бойды алады. Ойға неше түрлі әлемде жоқ құбылыстар келе бастайды. Есірткі ағзаға өте тез қалыптасатын зат. Кейіннен адам өз еркінен мүлдем айырылып қалады. Бірте-бірте қоғамдық өмірге, жұмысқа, міндеттерін орындауға деген ынта-жігері баяулап, кейіннен мүлде жоғалып кетеді. Наркомандар, көбіне дөрекі, өзімшіл, отбасындағы міндеттеріне немқұрайлы қарай бастайды. Олар өздерінің қатерлі жағдайларға тап болғанын байқамайды. Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамның тістері түсіп, терісінің түсі өзгереді, бетінде әжімдердің пайда болуы, шын мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді.Барлық есірткі қабылдаушылар, қабылдаған есірткі түріне қарамастан ұзақ жасамайды. Олар өзіндік сақтау инстинктін жоғалтады, сол себептен есірткіге үйір болған алғашқы екі жыл ішінде, есірткі тұтынушылар суицид жасауға тырысады. Көбіне бұның орайы келеді. Дозасын асырып алғаннан кейін қайтыс болатындар да аз емес, көбіне есірткі тұтынушылардың өмірінде бірақ мақсат болады ол дозаны табу. Бағасы жоғары есірткі заттары ерте ме, кеш пе тұтынушыны қылмысқа итермелейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады. Есірткі бәрін құртады күштілерді де, ақылдыларды да.
|
Жақсы (пайдалы) әдеттер:
Зиянды әдеттер:
Роликті тамашалайды
Видеоролик
Видеоролик
|
||
|
Рефлексия |
Не үйрендік? Не алдық? Не білдік? Нені білгің келеді? Осы сұрақтар бойынша сабақты қорытындылау |
|
||