Ыбырай Алтынсарин-ұлт мақтанышы

№ 3Талапкер орта мектебі

 

 «Ыбырай Алтынсарин-ұлт мақтанышы»

 

           Сынып:  7  «Ә»

                                                           Сынып жетекшісі:

Абдыманбекова Г. А

 

 

2020-2021 оқу жылы

 Күні:18.01.2021ж               

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі                            Сыныбы: 7 Ә         

Сабақтың тақырыбы:

«Ыбырай Алтынсарин-ұлт мақтанышы»

Сабақтың мақсаты:

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

 

Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді,нақты ақпараттарды ажыратады

 

Сабақтың түрі:

Ойын  сабақ

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Пәнаралық  байланыс:

Көрнекілігі:

Қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Оқушылардың  зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.

 

 

 
 
 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Аялдама «Ой қозғау» Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу Бейне  көрініс  көрсету.

Мұғалім  сөзі:Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш   рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Балқожа бидің баласына жазған хаты. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Биыл  Ы.Алтынсарин  атамыздың  туылғанына   175  жылдығын атап  өтіп  жатырмыз. Біздің  республикамызда ағартушы, педагог,  жазушы,  қоғам  қайраткерінің  есімі:  50   мектепке,  Рудный әлеуметтік – гуманитарлық   колледжіне, Арқалық  мемлекеттік  пдагогикалық  институтына  және  1996   жылдан  бастап  Ұлттық  білім   академиясына  берілген.
Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
 Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)
Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

2.Аялдама  «Алтынсарин  кім?»  постер  корғау. Әр  топ  берілген  тақырып  бойынша өз  ойларын  жеткізеді.

І топ «Ыбырай дың  өмірбаяны»

ІІ  топ « Ыбырай  ағартушы педагог»

ІІІ  топ   «Ыбырай   қоғам  қайраткері»

3.  Аялдама «Ой  толғаныс» Ыбырай  шығармашылығы  кесте   толтыру  Әр топ  берілген  кесте  бойынша  берілген  өлең  үзінділерінің  мағынасын  айту

4. Аялдама « Әңгімелерінен көрініс»   Ыбырай  әңгімелерінен  топтар  көрініс  көрсетеді.

І  топ «Атымтай  Жомарт»

1 -әңгімеден көрініс
ІІ  топ «Мейірімді  бала»

2- әңгімеден көрініс.
ІІІ  топ «Лұқпан   хакім»

3 әңгімеден көрініс.

5.  Аялдама  «Ыбырай  атама  хат»  эссе  жазу

6.Аялдама «Кері  байланыс» оқушылар  сабақтан  алған  әсерлерін  стикерлерге  жазады.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
   
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия: «Көңіл-күй  ағашы»    Оқушыларға  екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.  

  Қорытынды:

Біз, бүгінгі тәрбие сағатымызда  ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық  таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік   ізін қалдырған, өскелең   ұрпақтың еш есінен кетпестей  ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.

 

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін жатқа оқу.