Тәрбие сағаты: «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы», 6"Е" сыныбы, Магзумова Р.С.
|
Күні |
24.11.2020 жыл |
Сынып: 6 «Е» |
Сынып жетекші: МАгзумова Р.С. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырыбы |
«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы»
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алады, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат ала тырып оқушылардың ой-өрістері кеңейеді; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолданылатын ресурстар |
Елбасы туралы фильмнен үзінді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Көрнекі құрал-жабдықтар |
слайдтар көрсету, үнтаспа |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (2 мин) |
ТРЕНИНГ «Шаттық сыйла!» - Балалар, бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады).
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кіріспе |
1-бөлім: «Балалық шағымның аспаны» тақырыбы бойынша Елбасымыздың өмір жолы, балалық шағы, отбасы, жөсөспірім шағы туралы білетін боламыз. 2-бөлім: «Ел қолдаған Елбасым» тақырыбы аясында Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды, Тәуелсіздіктің қазақ жерінде тұрақтауына қандай септігін тигізгені туралы сол жылдары қандай өзгерістер болғаны туралы пікір алмасады; 3-бөлім: «Әлем мойындаған Көшбасшы!» тақырыбы бойынша еліміз және Елбасымыз туралы айтқан шет мемлекет президенттерінің пікірлерімен танысамыз. 4-бөлім: Елбасының қызмет жолы және өзі жазған туындылар кітаптары туралы мәлімет беріледі. 5-бөлім: Елбасы туралы өлең жолдары 6-бөлім: «Егер мен Президент болсам...» тақырыбына жазылған эсселерімен танысу. Қорытынды. (Сұрақ-жауап)
|
Мұғалім слайдтан көрсетеді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы (20 мин)
|
1-бөлім: 1.Елбасының балалық шағына саяхат жасап көрейік. 2. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш анасы Әлжан туралы мәлімет беру. 2.Жасөспірім Нұрсұлтан қандай болды екен?
ІІ бөлім: Елбасымыздың Қазақстанымыздың гүлденіп, өркендеп өсуіне қосқан үлесі жайлы мәліметтермен бөліссек. ІІІ бөлім: Мұғалім: Қазақстанның шетелдермен достастық байланыстары. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
Бүгін осында шет ел президенттері келіп отыр екен. Олай болса құрметті қонақтарымыздың Елбасымыз жайлы пікірлерімен таныссақ. 1.БҰҰ ның бас хатшысы Пан Ги Мун 2.Өзбекстан Республикасының экс президенті И.Каримов 3.Қырғызстан Р.Президенті 4.Ұлыбритания мемлекеті бас хатшысы Маргарет Тэтчер 5. Туркияның экс президенті Абдолла Гул 4-бөлім: Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы қалай басталды? (Елбасының қызмет жолының қалай өрбігенін хронологиялық кестеден көруге болады.) Хронологиялық кесте
Ғылыми еңбектері Кітаптары Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
|
Мұғалім берген мәліметтерді толықтырады
Оқушылар өздері дайындап келген деректермен бөліседі
Сәйкестендіреді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Топта жұмыс |
Елбасы туралы өлеңдер, арнаулар.
|
Оқушылар өздері білетін өлеідер мен арнауларды ортаға салады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жеке жұмыс |
6-бөлім: «Егер мен Президент болсам...» тақырыбында эссе
|
3-4 сөйлемнен эссе жазады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды
|
Қорытынды: сұрақ-жауап арқылы өткізу. - Тәуелсіздік таңы Қазақстанға не әкелді? (Тілімізді, дінімізді, ұлттық валютамызды, рәміздер, Қазақ жастарының болашаққа деген сенімін арттырда, Қазақстанды бүкіл әлем таниды). - Елбасының бастамасымен қандай оқу орындары ашылды? - Елбасы бос уақытында қандай сүйікті істермен айналысады? |
Сұрақтарға жауап береді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлесия |
«Жүрек жылуы»
Әр шаныраққа шаттық, береке тілеймін, Ел басымыз ауқатты, өміріміз бақытты, еліміз қуатты, ал тәуелсіздігіміз тұрақты болсын деп тілеймін. Осымен сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||

