"Ұлттық валюта – теңге." сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г. 7 Ғ сынып

   Күні:16.11.2020ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі                        

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық валюта – теңге.

Сабақтың мақсаты

Тәуелсіз еліміздің  ең  бірінші  айрықша белгісі  теңгемен тереңірек  таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын  жете білуменнен  байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.

Бағалау критерийі

 

Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді,нақты ақпараттарды ажыратады

 

Пәнаралық  байланыс:

Көрнекілігі:

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.

Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті… Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының  рубльдік  аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
       1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары»компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия: «Көңіл-күй  ағашы»    Оқушыларға  екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.  

  Қорытынды:

Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да  біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.                             

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

« Ұлттық валюта – теңге » тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.