|
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу,оқушыларды түгендегеннен кейін «Досым саған тілерім...» атты психологиялық ахуал арқылы оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген жақсықарым-қатынасын орнату болады.
«Аралас топ» саралау әдісі бойынша
«Пазл» құрастыру «қысқаша» «көбейту» «формулалары» арқылы оқушылардыүш топқа бөліп отырғызамын, оқушылар әр топтан топ басшысын сайлайды.
Әр топқа бағалау парақтарын таратып беремін, топ
басшылары «жабысқақ стикер» (жарайсың, жақсы,
талпын)арқылы бағалап отырады.
«Бағдаршам» әдісі бойыншаүйтапсырмасынтексеремін.Тапсырмалардың дұрыс жауаптары
интербелсенді тақтада көрсетіледі.Барлық есебі дұрыс оқушы жасыл түсті, қатесі бар оқушы сары түсті көрсетеді.
Кері байланыс: Мұғалім-оқушы әдісі
Үй тапсырмасын орындағанда қиналған есептер?
«Допты лақтыру»әдісі бойынша өтілген
тақырыптардан сұрақтар қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, қысқаша көбейту формулаларын
(1-7) сәйкестендіріп, еске түсіреміз.
- a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3
- (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
- (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
- (a-b)3= 4. a2-2ab+b2
- (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3
- a3-b3= 6. a2+2ab+b2
7. a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2).
Қалыптастырушы бағалау ретінде: «Мaдaқтау»
әдісімен, жарайсың!керемет! жақсы!-деп айтып отырамын.
Жаңа тақырыппен таныстыра отырып, оқушылар мен
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені анықтаймын.
«Тапсырма» саралау. Жаңа сабақты түсіну мақсатында «Джигсо» әдісімен үш топқа қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолданып шығаруға «өрнекті ықшамдауға», «теңсіздікті шешуге»,«тепе-теңдікті дәлелдеуге» тапсырмалар беремін.
1. (4-5а)2-8а(3а+1)+(7а-4)(4+7а) өрнегін ықшамдаңдар.
2. (5-2х)2-8х≤2х(2х-6)+9 теңсіздігін шешіңдер.
3. 4(в-5)2-(в-3)(в2+3в+9)+(в+4)3-8в(2в+1)=191
тепе-теңдігін дәлелдеңдер.
Дескриптор:
Қысқаша көбейту формулаларын біледі;
Өрнектерді түрлендіре біледі;
Топ басшысы бағалау парағына оқушыларды стикер арқылы бағалап отырады.
Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі мен
Теңдеуді шешіңдер:
- 35+(5х-1)(5х+1)=(5х+2)2;
- (х+4)(х2-4х+16)-х(х2+8)= -192;
- 10+(3-х)3=х2(9-х)-17;
Әр топтан есепті бірінші болған жұптың бір оқушысы шығып тақтаға жазып түсіндіреді.
Дескриптор:
Қысқаша көбейту формулаларын біледі;
Теңдеулерді түрлендіріп,шешімін таба алады;
Топ басшысы бағалау парағына оқушыларды стикер арқылы бағалар отырады.
«Диaлог және қолдaу көрсету»әдісі
I -топ. Теңсіздікті шешіңдер:
(у+7)3-у3-21у2≥0;
II-топ. Тепе-теңдікті дәлелдеңдер:
(5а2-6в)2-(5а2+3в)2+90а2в=27в2;
III-топ. Өрнекті ықшамдаңдар:
(2х-у)(4х2+2ху+у2)(8х3+у3);
болған топтан екі оқушы тақтаға шығып, постер қорғайды.
Дескриптор:
-Қысқаша көбейту формулаларын біледі;
-Теңсіздіктің шешімін табады.
-Тепе-теңдікті дәлелдей алады.
-Өрнекті ықшамдай алады.
Топ басшысы бағалау парағына оқушыларды стикер арқылы бағалар отырады.
«Қорытынды» саралау
1. (3а+в)
2. (-в3)
3. (9а2+3ав+в2)
4. (3а-в)
5. (3а)
«Күтіңіз және түйіндеңіз»әдісі арқылы оқушылар берілген ауызша есепке дұрыс жауапты айтып, тақырыпты түйіндеп, қорытынды шығарады
Рефлексия
Бүгінгі сабақтаноқушылардың нені меңгергенін, нені дұрыс меңгермегенін, не түсініксіз болғанын білу мақсатында табыс ағашына түрлі-түсті стикерлерді жапсырады.
Жасыл-толық меңгердім,қолдaна аламын.
Сары-толық меңгердім,бірақ қолдануда қиналамын.
Қызыл-түсінбедім
Оқулықтан №35.4; №35.6.есептер шығару
|