Кітапхана ошағында сәуір айының 17 күні 3 «б» және 3 «д» сыныптар арасында «Кітап - өмір ұстазы» тақырыбында конференция сабағы өтті. Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі алатын орны, кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, кітапты құрметтеуге, оқулықтарды күтіп ұстау ережелерін білуді түсіндіру болды.
Кітапхана- оқушылардың жиі келетін, қажетті әдебиеттерін жазғызып алатын, білімдерін толықтыратын орын. Бұл орын оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді. Сабақта сынып жетекшілері кіріспе сөзбен бастап, оқушыларды топқа бөлді. Сөзжұмбақ шешіп, «Білімді адам қандай болу керек?» топтастыру,
«Кітапты қалай пайдалану керек?», «Кітапты не үшін оқиды? дегенге өз топтарын қорғады, сұрақтарға жауап берді. «Жаңа кітап» пен «Жыртылған кітаптың» айтысы, ертегіден салынған суреттер, тақпақтар айту бойынша білімдерін көрсетті. Кітапханашы апай өз тарапынан жаңа әдеби кітаптармен таныстырып, кітап оқуға, оны күтіп ұстауға шақырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын, кітапқа деген құрметтерін байқатты.
Рухани болмысымызды айқындауда құдіретті құрал – кітап өлшеусіз рөл атқарады. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік деген тілекпен қорытындыланды.
3-сынып жетекшілері: Ж.Камышева, Б.Рысмағанбетова