"Ел үшін еңбек еткен тұлғалардың игі істері" 9 А сынып Байсеркеева Ж.Т.

Күні

15.10.2020

Тақырыбы

Ел үшін еңбек еткен тұлғалардың игі істері

Мақсаты

Ел үшін еңбек еткен тұлғалардың игі істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге ету.

Күтілетін нәтижелер

• оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілігі оянады;

-адамгершілік қасиеттері артып, еліне адал қызмет етуге талпынады

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі

Көрнекі құрал-жабдықтар

Презентация, видеоролик

Сабақтың өту барысы

Қашықтан оқыту.

Мұғалімнің іс-әрекеті, әңгімелесу, баяндау, пікір алмасу

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру                    (2 мин)

 

Амандасу

Оқушылардың  танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту

 

 

Сынып-та жағым-ды психоло-гиялық ахуал қалыптасады

Топқа бөлу (1 мин)

Әрбір сайысқа қатысушы өз еркімен сайысқа қатыса алады

 

 

Сабақ барысы

                 (20 мин)

Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі

Ел үшін еңбек еткен тұлғалардың игі істері

Біздің қоғамымызда қашанда өз тағдырынан ел тағдырын жоғары қойған тұлғаларымыз жетерлік.

Осындай биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты деп ойлаймыз?

Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым тарихи өлшем екендігін білеміз.

Құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды.

Еңбектері үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды батырларымыздың есімдері де айрықша жарқырап көрінеді.

ХХ ғасыр басында халқының қамы үшін аянбай еңбек етіп, репрессия құрбандары болған Ахмет, Міржақып, Сәкен, Әлихандардай жанашырларымыз орны бір бөлек.

Қаһарман Бауыржан, Әлия мен Мәншүк, Қасым Қайсенов, Т.Тоқтаров,т.б. батыр ұл-қыздарымыздың ерліктері ұрпақ жадында.

Халқына данагөй басшы бола білген Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев жайлы айтар мәліметтер аз емес. Тұңғыш ғарышкер, аспан әлемін алғаш бағындырған қазақтың ұлы Тоқтар Әубәкіровты қалай айтпай кетеміз. Тоқтар – біз мақтанатын ұлы тұлға.

Тарихтан бөлек бүгінгі таңдағы бейбіт елдің батырлары, елінің атпал азаматтары деп кімдерді айтамыз? Осындай сұрақ қойылса, ең бірінші , әрине, ел тыныштығын қорғаған полиция және әскери қызметкерлер. Күндіз-түні ел амандығын, ел тыныштығын күзеткен «Қазіргі заманның батырлары» десек те болады.

Ал тарихтан бөлек қазіргі бейбіт заманда батыр деуге боларлық тұлғалар бар ма? деген сұрақ еріксіз туындайды.

«Ешкім батыр болып тумайды, Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп қаһарман бабамыз Б.Момышұлы айтып кетті емес пе?

 

1-оқушы:

Одан бөлек күнделікті тұрмыс-тіршілікте түрлі қиын, апатты жағдайларға ұшыраған қандастарымызды аман алып қалу, дереу көмек көрсету кез-келгеннің қолынан келе бермейтін көзсіз ерлік.

 

2-оқушы:

 «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген жүрекке жігер берер Бауыржан Момышұлының  жалынды сөзі бар. Eрдің ерінің ғана қолынан келетін қадамға барып, бейбіт күнде жасаған батырлықтары болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

3-оқушы:

Тәуелсіздіктің тамырын тереңге жолдайтын бірлік деген ұлы ұғым бар екені даусыз.

Еліміздің ақсақалдары, білімді азаматтары, еңбекқор тұлғалары барда мемлекетіміз гүлден бермек. Халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың сенімді тірегі бола білген де солар. Мұнымен ешкім дауласа алмайды.

4оқушы:

Жастайынан елге еңбегі сіңген атпал азаматтарымыз біздің ауданымызда, ауылымызда да жетерлік. Атап айтар болсақ, ауылымыздың жанашыр азаматтарының бірі, облыс, республика көлемінде танымал тұлға - Молдахмет Досаев.

5-оқушы:

Молдахмет Досаев

Молдахмет Досаев ауылымыздың төлтумасы. 1922 жылы 15-ші қыркүйекте дүниеге келген Молдахмет Ақмола қаласының №2 орта мектебін қазақ тілінде тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын ол облыстық телефон байланысы басқармасының торабында есепші-кассир болып бастаған.  1942 жылы  Ұлы Отан соғысының қызған шағында, ол жедел әскерге алынып, взвод командирінің көмекшісі, кейіндері батальон комсомол ұйымының жетекшісі болып тағайындалды. Жалындаған жас өрен азаматқа бұл бүкіл еңбек жолын анықтап берген үрдісті қадам болды. Соғыс аяқталып, елге оралған ардагер - Ақмола қаласының комсомол комитетіне екінші хатшысы болып сайланса, сол жылдың аяғына қарай бірінші хатшы міндетін толықтай өз қолына алады. Комсомол жастық шақтың қайнаған қызу еңбегіне араластырып, еті тірі азаматтың болашағына кең даңғыл жол ашады. Сол жылдары, неміс-фашист басқыншыларын жеңу құрметіне бұрынғы кеңес мемлекеттері аумақтарында балаларға арналған теміржол құрылыстары салына бастады.

6-оқушы:

Сондай 7 жобаның біреуі Қазақстанның Ақмола қаласына бұйырды. Бұл жұмысты қала комсомолы ұйымының басшысы - Молдахмет Досаев дереу қолға алып, белгіленген мерзім ішінде қаланың жас тұрғындарына оны тарту етеді. 1946 жылы ол Москва қаласындағы ВЛКСМ Орталық комсомол мектебіне оқуға алынады. Бұдан кейін оның келесі кезеңдегі еңбек жолы Ақмола облысына көршілес жатқан Көкшетау қаласында жалғасын тапты. Ол облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған соң, өмірінің біраз уақытын осы әсем өлкеде өткізген екен. 1953 жылы    М.Досаев партия-совет қызметіне жылжытылып, содан соң ол сол жылдар ішінде Көкшетау облыстық Компартиясының біраз бөлімдеріне жетекшілік жасайды.

7-оқушы:

1957 жылы Кеңестер Одағына сол кездегі астанасы Москва қаласында КПСС Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін тәмамдайды. 1960 жылға дейін Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеген азамат, сол кездегі тың өлкесінің солтүстік облыстар бойынша Қазақстан Орталық комитеті Бюросының жауапты ұйымдастырушы болып бекітілген. Көп ұзамай, Молдахмет Досаев Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына ұсынылады.

8-оқушы:

Ұлтымызды ұлықтап, еліміздің егемендігінің мәңгі болуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұлыларды ұлықтау, мәңгі есте қалдыру бүгінгі ұрпаққа аманат.

 

 

 

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 
Тақырыпқа сай арнайы дайындалған видеороликпен және слайдпен оқушылар таныстырды.

 

 

2 мин

Бағалау-формативті

 

Рефлекция (5мин)

Қорытынды.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз көзқарастарын ортаға салып, пікір алмасады.

Мұғалім: Тарихқа көз тастасақ, сан ғасырлардан бері бүгінгі таңға дейін елі үшін адал еңбек етіп, қызмет атқарып келе жатқан, халық қамын өз бастарынан жоғары қойып, аянбай еңбек етіп келе жатқан әр азамат бүгінгі ұрпақ үшін өнегесімен үлгі. Сендер де осындай жандары жақсылыққа жақын тұратын тұлғалардан үлгі алып, елге қызмет етуге әрдайым дайын тұрыңдар демекпін!

 

 Оқушылар бір-бірінің пікірле-рін тыңдап, қорытын-ды жасайды.