«Тоқта! Зорлық-зомбылық» дөңгелек үстел, 9"А" сыныбы, Байсеркеева Ж.Т.

Күні: 27.11.20

Сынып: 9 «А»

Сынып жетекші: Байсеркеева Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Тоқта! Зорлық-зомбылық» дөңгелек үстел

Сабақ мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізу. Балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.

Әдісі: проблемалық, ой қозғау

 

    Ресурстары: (презентация, бейнематериал).

I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

« Баладегеніміз -болашақ» дегенекен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періштедейді. Олардыңпейілі, ниеттеріқандайтұйықболса, көңілдерісондаймөлдір! «Адамныңбірқызығы бала деген »-деп Абай атамыз  айытқандай, мынаутіршіліктеадамбаласыныңалтынға айырбастап ала алмайтынаяулысәттерікөп-ақ. Халқымыз желкіндепөсіпкележатқанқызбаланыелдіңкөркісанаса, ал ер баланыелдің қорғаны санаған. Балалықшақадам өміріндегі  ұмытылмайтынқызықты да бақытты кезең. Сондықтандаәрбір қарашаүйдіңтүтінінтүтеткената-анакөзініңағы мен қарасындайперзентініңөмірдегіосынаусәттерді мүмкіндігіншеестеқаларлықтайетіпөткізудіойластырады. 
 

ІІ. Негізгі бөлімі

1. Бақытты балалық шаққа саяхат. Сіздердің балалық шақтарыңыз қалай өтуде (пікірлесу)

 Оқушы: Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.     Оқушы:  Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

Оқушы: Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. 
Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.

Оқушы: Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

 

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».

Сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (оқушылардың ойы тыңдалады).

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Сұрақ: Неге көбінесе балалар қылмыстың құрбаны болады?                                                                                           

- Өйткені балалар аңқау және бейқам! Ал қылмыскер кез-келген баланың тілін таба біледі. Сондықтан, сіздің балаңыз, бір қадам жасар алдында өз әрекеттерін жақсылап ойланып алуы қажет. Зорлықтан құтылуға болады. Бұл үшін дұрыс шешім қабылдау қажет. Егер олар қасындағы адамнан кішкене де болса күдіктенсе, бірдеңеден қауіптенсе, онда ең дұрысы одан аулақ кету керек.

ІІІ. Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты  істер арыз берілмей-ақ қозғалады.

Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

ІV. Жағдаяттарды шешу. 

1. Мұрат сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарын қоқысқа лақтырып тастады. Мұраттың қандай құқығы бұзылды? (дүние-мүлікке)

2. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды (білім алу)

3. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды «екіліксің» деп келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? (ата-тек атауын алуға)                                                                            

4.  -Балам, екі шелек су әкеліп бер.

- Апа, заңды бүгін өттік, балаға күш көрсетіп жұмсауға болмайды, сондықтан су әкелгім келмейді, оған менің құқым бар. (жекебас бостандығына)

Мұғалім сөзі

Қорытынды:

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. 
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек.Біз Мұқағали Мақатаевты ақын деп қана білеміз. Бүгінгі сабағымызды сол ақиық ақынның балаларға арнаған мына сөзімен аяқтайық.                                                                                       

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп,  абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына  байыппен қараңдар!  Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.  Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер,  бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер!  (Мұқағали  Мақатаев)

 

Талапкер ауылы №3 орта мектептің 9 «А» сынып оқушыларымен «Тоқта! Зорлық-зомбылық» тақырыбында өткізілген

дөңгелек үстелдің ақпараты

Сабақ мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізу.

 Балаларға, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

         Дөңгелек үстел онлайн түрінде зум платформасы арқылы жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жан-жақты мәлімет берілді. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы. Сондықтан дөңгелек стол барысында қызу пікірталас орын алды. Оқушылар бақытты балалық шақтарына саяхат жасап. Зорлық зомбылыққа жол жоқ екендігін ашып айтты

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі екендігін оқушылардың санасына сіңіру.

Арнайы дайындалған бейнефильмдер мен презентацияларға кезек беріліп, тақырыптан алған түсініктері мен сабақтан алған әсерлерін оқушылар ортаға салды.

Сынып жетекші: Байсеркеева Ж.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқта, зорлық-зомбылық!