Бала құқығы мен міндеттері
Талапкер ауылы №3 орта мектебі
«Бала құқығы мен міндеттері».
Сыныбы: 7 «Ғ»
Сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г.
2020-2021 оқу жылы
|
Күні |
26.10.2020 |
|
|
Тақырыбы |
«Бала құқығы мен міндеттері». |
|
|
Мақсаты |
а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. |
|
|
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар бала құқығы туралы түсінеді
|
|
|
Қолданылатын ресурстар |
Интернет ресурстары
|
|
|
Көрнекі құрал-жабдықтар |
Презентация, сүреттер, Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы |
|
|
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) |
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады |
|
Кіріспе сөз |
Үндеу 1.Гимн орындалады. (сынып ұжымы) Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» |
|
|
«Ассоциативті қатар»
|
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» — Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. — Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. — Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. — Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. — Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. — Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. — Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. — Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. — Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. Топтық жұмыс постер қорғау. Интернет желісін қолдана отырып, әр топқа берілген тапсырмаларды орындайды 1-топ «Ақиқат» 4-тарау «Бала және отбасы» 2-топ «Заңгерлер» 7-тарау «Бала және қоғам» 3-топ «Болашақ» 3-тарау «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері» |
|
|
Қорытынды
|
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. |
|
|
Рефлекция (5мин) |
Бала мен отбасы туралы мақалдармен аяқтау |
|
2020-2021 оқу жылында өткізілген «Бала құқығы мен міндеттері» атты тәрбие сағатынының ақпараты .
Сыныбы : 7 «Ғ»
Сабақ түрі:Тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі:Жолаушина Г.Г.
Сабақтың мақсаты: : а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Онлайн сабақ барысында оқушыларменалдымен бір -бірлеріне жаксы көңіл күй тілеп сабақты бастадық. Жоспар бойынша бала құқығы туралы оқушылар біраз мәліметтер алды.
Қорытынды. Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.