"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі". 7"Ғ" сыныбы, Жолаушина Г.Г.

   Күні: 26.11.2020ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.

Сабақтыңмақсаты

– қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

 – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;

 қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Бағалаукритерийі

 

Мәтінніңнегізгімазмұнытүсінеді,нақтыақпараттардыажыратады

 

Пәнаралықбайланыс:

Көрнекілігі:

нақылсөздер

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақбарысы.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларназарынсабаққааудару

 

 

 

 

 

Сабақтыңортасы

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

                          Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

                          Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

                          Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,

                          Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

                          Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

                          Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген. Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.

Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.

Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.

Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Ал ақын Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттепті:

          Білектей арқасында өрген бұрым

            Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

            Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

            Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Халық арасында бойжеткен  қызды ажарына қарай жетіге  бөлген:

            Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын

            Көрікті қыз  істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын

            Шырайлы қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл жанған, тәні шымыр.

            Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін, келбетті.

            Ару қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы

            Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты

            Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік

 

Слайд арқылымәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия: «Көңіл-күйағашы»    Оқушыларғаекітүсті алма – қызылжәнежасылтүсберіледі. Балаларалманы алма ағашынажапсырады: жасыл – мен бәрінөтежақсыжасадымдепесептеймін, меніңкөңіл-күйімжақсы, ал қызылтүс – тапсырманыорындайалмадым, меніңкөңіл-күйімжоқдегендібілдіреді.

Қорытынды:

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

 

 

Үйтапсырмасы

2 мин.

«Қызтәрбиесі - ұлттәрбиесі»тақырыбыбойыншашағынәңгімежазу.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу  жылында өткізілген

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

туралы ақпарат .

 

 

Сыныбы : 7 «Ғ»

Сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г.

Сабақтың мақсаты:– қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

 – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;

 қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

 

Қорытынды.

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

 

 

 

 

 

 

 


Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст