Қазіргі заманғы терроризм мен діни экстремизм қауіпіне қарсы тұрудың өзектілігі. 9 «Ә» СЫНЫБЫ КАЛИЕВА А.К
№Талапкер орта мектебінің 9 “Ә” сыныбында өткізілген
“Қазіргі заманғы терроризм мен діни экстремизм қауіпіне қарсы тұрудың өзектілігі”
атты тәрбие сағатының есебі
19 қазан күні 9 “Ә” сыныбында
“Қазіргі заманғы терроризм мен діни экстремизм қауіпіне қарсы тұрудың өзектілігі” тақырыбында онлайн форматта тәрбие сағаты өткізілді. Соңғы жылдары дүние жүзінде дінге қатысты өзекті мәселелерімен өткір тақырыптар күн тәртібінен түспей тұр. Осы бағытта №3 Талапкер орта мектебінің оқушыларының арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, алдын-алу шараларын үйретуде.
Өткізілген тәрбие сабағының негізгі мақсаты:
А) Оқушыларға экстремизм және терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, мұқтаждыққа (ақырғы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру.
Сабақтың жүргізілу барысында сұрақ –жауап, пікірталас, бейнероликтер көрсетілді.
Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизм мен терроризмге табанды түрде қарсы тұруы керек. Халқымыз ежелден-ақ, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»-, деп елді бірлікке шақырып отырған. Қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралықжәне дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысуға шақырамыз.