«Қарттарын қәдірлеген ел ардақты» атты тәрбие сағаты. Алив Ж. 7 "Г" сынып
2020-2021 оқу жылы 25-қыркүй күні қариялар күні арналып өткізілген «Қарттарын қәдірлеген ел ардақты» атты тәрбие сағатының
Ақпараты
Сыныбы: 7 «Г»
Сабақ түрі: Тәрбие сағаты
Сабақ әдісі: Қашықтық сабак
Сынып жетекшісі: Алив Ж
Қатысканы:-22
Сабағымыздың мақсаты:
Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қолданылған ресурстар: Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд.
1.Ұйымдастыру.
- Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
- Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;
- Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;
Қорытынды.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады
