"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

19.11.2020

 Ақмола облысы  білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қорытындысы бойынша  Талапкер ауылы №3 орта мектебінің мұғалімдері қатысып сертификаттармен марапатталды. Конкурстың мақсаты: оқу пәндерінің, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату. Педагог конкурстарға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу тәжірибесіне ие болады. Педагог үшін конкурсқа қатысу өзінің кәсіби педагогикалық қызметіндегі жетістіктерін көрсету, тәрбиеленушілермен өз жұмысының нәтижелерін көрсету, ата-аналармен, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін білдіреді. Конкурсқа (конкурсты өткізу ережесіне сәйкес) 5 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар, жұмыстары өңірлік іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог қызметкерлері қатысты. Конкурстық бағдарламаларды сараптау мен іріктеуді  арнайы сараптау комиссиясы жүргізді.

         Конкурсқа Талапкер ауылы №3 орта мектептен  6 авторлық жоба ұсынылды. Сараптама комиссиясының шешіміне және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 2020 жылғы 24.04. №25 бұйрығына сәйкес  мұғалімдер куәлікпен марапатталды. Олар:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі Егентаева Фатима Амангелдиевнаның 4 сыныпқа арналған «Математикадан жиынтық бағалау» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жинақ дәптері;
  2. Бастауыш сынып мұғалімі Аукирова Аягоз Тулгеновнаның       4 сыныпқа арналған «Бастауыш сатыда зерттеушілік әрекетке бейімдеу жолдары» әдістемелік көмекші құралы;  
  3. Бастауыш сынып мұғалімдері:  Бозбаева Толқын Битиковна, Узденбекова Жанаргуль.  4 сыныпқа арналған «Математика пәні бойынша жиынтық бағалау»  әдістемелік жұмыс дәптері;  
  4. Физика пәнінің мұғалім Абдраманова Нүргүл Рахимжановнаның 11 сыныпқа арналған «ІТ және авиағарыш технологиялар» мұғалімдер мен оқушыларға арналған көмекші құралы.

 

Просмотров: 1103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст