"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы №3 орта мектебінде Iqanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті.

18.11.2020

Iqanat  олимпиадасы – еліміздің ауыл       мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін тегін олимпиада. «Iqanat білім беру қоры» қоғамдық қоры олимпиаданы қамқоршылардың қаржыларына өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;

-оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру;

-оқушылар арасында тікелей байланыспен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі. Алайда, ақтық сынға 9 жылдық білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар өтеді.  Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Білімді оқушылармен екі жыл көлемінде біліктілігі жоғары  ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді  ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды.  Iqanat олимпиадасында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

Талапкер ауылы №3 орта мектебінде Iqanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Алғашқы кезеңге 35 оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар  негізгі пәндер бойынша білімдерін ортаға салып тест тапсырды. Олимпиаданың нәтижесі келесі жылдың басында белгілі болады.  Iqanat  олимпиадасының екінші кезеңі 2021 жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарлануда.  ІІ турдан сүрінбей өткендері республикалық кезеңге жолдама алады. Біздің мектеп Iqanat олимпиадасына алғашқы жылдардан бастап үздіксіз қатысуда.  2018-2019 оқу жылының нәтижесі бойынша:

  • Уалиева Ақниет ағылшын тілі, Боранбекова Гүлназ эссе эрудит, Сахиев Бекзат физика пәні. ІІ кезеңнің жеңімпаздарын «IQanat» білім беру қоры «EduCon» ЖШС-мен бірлесе отырып, оқушылардың ҰБТ-ге жоғары деңгейде дайындалуына көмек көрсетеді.

2019-2020 оқу жылының нәтижесі бойынша:

  • Қабдолла Ержан республикалық  IQanat мектебіне оқуға қабылданды;
  • физика бағыты бойынша І кезеңнің жеңімпаздары: Кусайнова Айнұр, Өмірзақова Ақерке, Жансерік Сәкен, Сәкенқызы Аяужан, Нуербаева Диляра, Найзабек Нұрсұлтан, Қарабекова Гүлназ;
  • эссе эрудит І кезеңнің жеңімпаздары: Тұрсыналы Аружан, Мұхамедрахим Дамира, Сагиева Оразгүл.
  • ағылшын тілі пәнінен 1 кезеңнің жеңімпаздары: Жоламан Мариям, Қуаныш Саида.

 

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст