Тақырыбы: ЖҚТБ-туралы не білесіз? Абдманбекова Г. А

Сыныбы:  5-6

Тақырыбы: ЖҚТБ-туралы не білесіз?

Мерзімі: 28.11.19ж

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, сана – сезімдерін тәрбиелеу.

 Керекті құралдар: суреттер,нақыл сөздер,қайшы, түрлі түсті беттер.
 

 

Сабақтың өтілу кезеңдері

Уақыты

Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

   

  3 мин

«Досыма тілек» тренингін жүргізу.

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне тілек білдіру.

Топқа бөлу

  3 мин

Шаттық шеңбері бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

Мұғалім сөзі

  5 мин

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!

Құрметті оқушылар жаңа бір-бірімізге тілеген тілектің ішіндегі ең көп айтылғаны денсаулық. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең азаптысы – ЖҚТБ.

Олай болса «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты шараға қош келдіңіздер!

     

 «Жоспар»

таныстыру

  5 мин

Жоспар:

ЖҚТБ-ның шығу тарихы

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарайды

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарамайды:

АҚТҚ және нашақорлар.

ЖҚТБ -мен ауырған адамның ауру белгісі қандай, қанша уақыттан кейін білінеді?

«ЖҚТБ-ның алдын алу жолдары» сурет салу арқылы оқушылар ЖҚТБ-ға қарсылығын білдіру.

Ситуациялық сұрақтар:

Тест Аныз және шындық

Танысу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

Алдымен ЖҚТБ дегеніміз не? /оқушылар жауабын тыңдау/

ЖҚТБ деген нені білдіреді?

  • Жұқтырған: Демек, адам оны біреуден жұқтырған.
  • Қорғаныш: Адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйе.
  • Тапшылығының: Қорғаныш болуға тиісті мөлшерден кем.
  • Белгілері: Аурудың симптомдарының тобы (синдромы).

АҚТҚ дегеніміз не?

АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әтүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды (Т – хелпелер).

ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері – АҚТҚ- мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. ЖҚТБ-ның шығу тарихы

АҚШ ғалымдары АҚТҚ/ЖҚТБ туралы жүргізген ғылыми жұыстарының нәтижесіне сүйене отырып «Бұл ауру адам баласының белгілі бір бағытта жүргізген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді.ЖҚТБ вирусы үшін Адам ағзасының ішкі ортасы керек. Ол хайуанаттар ағзасында өмір сүре алмайды. Оның өсіп-өнуіне тек адам жасушасы керек. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты /ВИЧ-1/1983 жылы Француз ғалымы вирусолог Л.Монтане тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша АҚТҚ-ЖҚТБ мен өмір сүруші адамдардың саны 2002 жылдың басына 40 млн-нан астам құрады,

20 млн –нан астамы қайтыс болды. Әлемде күніне 16 мыңға тарта ересектер мен балалар шалдығады. Барлық соғыс қақтығыстар мен салыстырғанда жыл сайын бұл вирустан адамдар әлдеқайда көп өледі. Сахарадан Оңтүстікке қарай кейбір Африка елдерінде тұрғындардың 20 пайызы АҚТҚ инфекциясын жұқтырған. АҚТҚ-ЖҚТБ біздің де елді құр қалдырмады. Қазақстанда бірінші АҚТҚ жағдайы 1987 жылы тіркелді. Бүгінгі күні АҚТҚ Қазақстан Республикасының барлық облыстарында тіркелді және АҚТҚ инфекциясының таралуының жоғары қарқыны байқалады. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ мен ауыратын адамдардың жалпы санының 70 пайызын 15-29 жасқа дейінгі жастар құрайды. АҚТҚ вирусын жұқтырған адамдар бүкіл қалған өмірі бойына оның тасымалдаушысы болып қалады. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. 1988 жылы Денсаулық сақтау министрліктеріҰлыбритания үкіметімен бірлескен ЖҚТБ мәселесі бойынша кездесу өткізді. Осы кездесуден соң 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен қарсы күрес болып аталды. 1994 жылы Қазақстан Республикасында «ЖҚТБ ның алдын алу туралы» заң қабылданды.

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарамайды:

  • Қол алысу немесе құшақтасқанда;
  • Тер және көз жасы арқылы
  • Жөтелу және түшкіру кезінде;
  • Ортақ ыдыс пен төсек орынды пайдаланғанда;
  • Спортпен бірлесіп айналысқан кезде;
  • Қоғамдық көліктер;
  • Жануарлар немесе жәндіктер арқылы;
  • Ауамен,тамақ,су арқылы;
  • Киім мен аяқ кимімен;
  • Моншада жуынғанда;
  • Сілекей арқылы.

 

ЖҚТБ -мен ауырған адамның ауру белгісі қандай, қанша уақыттан кейін білінеді?

ЖҚТБ -пен ауыған адамды сипаттайтын симптомдар мыналар.

  • Лимфа түйіндерінің көбеюі.
  • Құрғақ жөтелдің болуы
  • шаршағандық, қажығандық
  • жиі – жиі іштің өтуі
  • күнделіәкті денеден терінің көп шығуы
  • арықтау
  • Аяқ – қолда сезңмталдықтың кенетен жойылуы
  • ойлау әрекетінің бұзылуы.

ЖҚТБ қанша уақыттан кейін білінеді?

Рефлексия 

  5 мин

Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ – дан толықтай айықтыратын дәрі – дермек табылмай отыр, себебі вирус өз құрылысын тез өзгертіп отырады, қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Алайда АҚТҚ жұпасының дамуына кедергі жасайтын әрі аурудың соңғы сатысы ЖҚТБ – ға өтуіне мүмкіндік бермейтін дәрілер жасалып шығарылған. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп, тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ – ның таралуының алдын алуға болды.

      ТЕСТ Аныз және шындық

 

Тест Аныз және шындық

Сұрақ

Аңыз (А)

Шындық

(Ш)

Дәлелдеу

1.АҚТҚ жұқпасы қауіпсіз,оңай ем қонатын ауру.

А

АҚТҚ жұқпасы – бұл қауіпті,созылмалы және емделмейтін ауру .

2.АҚТҚ мен ЖҚТБ бүкіл әлемге тараған.

Ш

Қазіргі күні АҚТҚ мен өмір сүруші адамдар әлемнің барлық елдерінде бар.

3.Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған адам жоқ.

А

Қазақстанда ресми 2008 жылдың 1 шілдесінде АҚТҚ жұқтырған 13500 жағдай тіркелген.

4.Жасөспірімдер мен жастар ешқашан АҚТҚ жұқтыра алмайды.

А

Қазақстанда АҚТҚ жұқтырудың 50% астам жағдайлары 15 пен 29 жастағылардың арасында тіркелген.

5.Адамға АҚТҚ мен ЖҚТБ туралы білім керек.

Ш

Адамға АҚТҚ және ЖҚТБ туралы білім жұқтыру қаупін болдырмау үшін.

6.АҚТҚ – дан емдеп шығатын дәрі әзірге жоқ.

Ш

АҚТҚ-дан емдеп шығатын дәрі түрлері жоқ,бірақ АҚТҚ-мен өмір сүруші адамдардың өмірін ұзартатын және жақсартатын дәрілер бар. Осы дәрілерді қабылдай отырып, АҚТҚ мен өмір сүруші адамдар ұзақ уақыт белсенді өмір сүре алады.

7.АҚТҚ жұқпасынан жеке адам зардап шегеді, жалпы алғанда АҚТҚ қоғамның тұтас дамуына әсер етпейді.

Ш

АҚТҚ- бұл тұтас қоғамның мәселесі, ол әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді.

Қорытынды

4 мин

«ЖҚТБ-ның алдын алу жолдары» сурет салу арқылы оқушылар   ЖҚТБ-ға қарсылығын білдіру.

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деп Ы.Алтынсарин айтқандай. Салауатты өмір сүріп, аман-есен жүрейік.